• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:12:56
Алматы
+35°

11 Қараша, 2016 Әлеумет

Теледидар мен компьютер алдында тамақтанудың қандай қаупі бар?

Қазіргі заманда қызметкерлердің көбісі компьютері көп  офистерде отырып тамақтанатыны рас. Өйткені,  арасында шай ішіп, жүрек жалғауға арналған ас...

Қазіргі заманда қызметкерлердің көбісі компьютері көп  офистерде отырып тамақтанатыны рас. Өйткені,  арасында шай ішіп, жүрек жалғауға арналған ас бөлме барлық мекемеде қамтамасыз етілмеген. Жалпы электронды құралдардың жанында отырып ас ішудің зиянына аса мән бермейміз. Компьютер мен теледидар алдында тамақтану адамның денсаулығына орасан зиянды екенін бүгінде ғалымдар дәлелдей бастады.

Жуырда Киевтің Адам экологиясы институты электронды құралдардың кез-келгені улы сәуле шығаратынын және оның сол маңдағы сусын болсын, құрғақ тамақ болсын, кез-келген қоректік заттың тағамдық құндылығын жойып, құрамын бұзатынын анықтады. Сондықтан офиске немесе үйдегі жұмыс кабинетіне ас-су қоюға болмайды.

Ғалымдар компьютер мен ноутбуктың алдында отырып, монитордан көз алмастан жүрек жалғаймын деген кез-келген адам ақырында қатерлі ісікке шалдығатынын айтуда. Сондықтан шаруаңыз шаш етектен болса да тамақты компьютері жоқ бөлмеде( ең дұрысы ас бөлме, әрине)  жеген жөн.  

Американың Миннесота университетінің ғалымдары теледидар, т.б. техниканың алдында отырып тамақ ішкенді ұнататын адамдар ас бөлмеде жүрек жалғайтындарға қарағанда көбірек ауыратынын айтуда.  Теледидардың зиянын зерттеген АҚШ ғалымдары электронды техниканың алдында адамның араны ашылып кететінін анықтаған.  Артық салмақтың артуына да электронды құралдан көз алмастан ас ішудің зор үлес қосатыны белгілі. Адамның ас мәзірінен алған ләззатын теледидар «жұтып қояды» да тою сезімін тудырмайды. Осыдан аштық сезімінен арылмай, көбірек жеуге мәжбүр болады.  Компьютер де дәм сезу рецепторларының жұмысын тежеп, адам не жеп, не қойғанын сезбей қалады.

Ұлыбритания ғалымдары компьютердің алдында отырып тамақтану артық салмақ қана емес, гастрит тәрізді асқазан ауруларына апаратынын айтуда. Киевтің Адам экологиясы институтының зерттеушілері компьютердің жанында тұрған тағамның құрамындағы сұйықтық техникадан шыққан сәуленің әсерімен дөрекіленіп, құрамы бұзылатынын анықтаған.  Ғалымдар компьютердің жанына қойылған судың электромагниттік сәулелену әсерімен құрамы түгел өзгеретінін байқаған. Ал бұндай суды ішкен адам қатерлі ісікке шалдығады. Сондай-ақ компьютердің жанында тұрған тағамды жеу адамның есте сақтау қабілетін төмендетіп, мерзімінен бұрын қартаюға әкеліп соғады.

Шарафат Жылқыбаева

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір