• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:57:03
Алматы
+35°

12 Қараша, 2016 NEWS

МИНИСТР АБАЕВ ШЕНЕУНІКТЕРДІ БАҚ-ТАН «ТҰМШАЛАНБАУҒА» ШАҚЫРДЫ(ВИДЕО)

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен IX «Медиа құрылтайда»  Шенеуніктерге «БАҚ-тан &laquo...

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен IX «Медиа құрылтайда»  Шенеуніктерге «БАҚ-тан «тұмшаланып» жүретін уақыты өтті» деп ескертті.

«Ханымдар мен мырзалар, мемлекеттік органдардың жабық болған мезгілі өтіп барады деп сіздерді сендіре аламын. Сіздер де, біздер де қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тиімділігі оның БАҚ-пен байланысымен анықталатын болатынын жақсы түсінеміз. Бұл — қазіргі уақытта бар міндетті талап. Сондықтан, меморган жабық болған, министрдің жабық болған уақыттары өтіп барады. Бұл — қалыпты үрдіс», — деді министр өз сөзінде.

Келесі жылы медиа нарық және оның қатысушылары туралы ақпарат жарыққа шығатынын ескерте кететінін ескерте кеткен Абаев, «Ештеңе де құпия емес. Біз қанша БАҚ бар екенін, қайсысы қай салада жұмыс жасайтынын жақсы білеміз. Біз де, сіздер де біздегі сан жағынан көп БАҚ-тың жартысы жұмыс істемейтінін немесе тек қағаз жүзіне ғана бар екенін білеміз», — деді.

Айта кетер болсақ, Конференция қатысушылары 2016 жылы медиа нарығының жағдайын талқылады. Шараға Қазақстаннан және шет елдерден 200-ден астам делегат жиналған. Арнайы қонағы ретінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев шақырылды. Конференцияда Қазақстан медиасындағы жарнамалық нарық та айтылды.

Еске салайық, қазір ҚР БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізу мәселесі талқыланып жатыр. 2 қарашада «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша өзгерістер мен қосымшалар енгізу» туралы заң жобасының жұмыс тобының отырысы өткен болатын. Осыған дейін министрдің Esquire.kz берген сұхбаты қазақ тіліне аударылып, «Қамшы» порталында жарияланған еді.

Тақырыпқа тұздық ретінде бұған дейін Қазақстанда түрлі мәселелерге байланысты журналистер шенеуніктерді, депутаттарды сөзге тарту үшін арнайы хат жазып, апталап күтетін. Тіпті «ұстап алып жатса да» қаша жөнелетін шенеуніктер жеткілікті. Биылғы жылдың көктем айларында жер мәселесіне байланысты президент үн қатқанға дейін танымалы және аты-жөнін ешкім білмейтін депутаттар камерадан қашып жүрді. Ал, Ішкі Істер Министрі Қалмұханбет Қасымов ылғи да журналистерден қашып жүретінімен танымал.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір