• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:27:47
Алматы
+35°

12 Қараша, 2016 NEWS

НҰРЛАН НОҒАЕВ ЕЛШІНІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕСУГЕ ШАҚЫРДЫ

Бүгін, 11 қарашада, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі...

Бүгін, 11 қарашада, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесті.

Кездесу басында елші мырза облыс әкіміне орыс тілінде сұхбаттасуды ұсынды. Нұрлан Ноғаев бұл ұсынысты қабыл алмады.

"Біз Қазақстандамыз ғой. Мысалы, мен Нидерланд еліне барар болсам, қасыма голланд тілінде сөйлейтін аудармашыны ертіп апарамын, сондықтан, қазір қазақ тілінде әңгімелесуге мүмкіндігіңіз болмаса, келесіде қазақша сөйлесуге келісейік", – деді Нұрлан Ноғаев.

Кездесу барысында Дирк Ян Коп Нидерланд корольдігінің Атырау облысымен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екендігін айтты.

"Атырау облысы инвестиция құюға өте қолайлы аймақ. Сондықтан, біздік компаниялардың осында жұмыс істеп, екі тарапқа да пайда келтірулеріне мүдделіміз", - деді елші.

Айта кетелік, 2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы көрсеткіш бойынша, облыс пен корольдік арасындағы сауда айналымы 1,5 миллиард доллар болған. Облыста қазір голландиялық капиталдың қатысуымен 96 кәсіпорын тіркелген.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау облысында Елбасының айқындап берген саясатын ұстану арқылы инвесторларға барынша жайлы жағдайдың жасалып жатқанын айтты.

 "Инвесторларға жан-жақты қолдау білдіруге дайынбыз. Қарым-қатынасымызды одан әрі нығайта түсу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз", - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, қазір Атырау облысындағы "Ұлттық индустриалдық мұнай-химиялық технопаркі" арнайы экономикалық аймағында 14 қатысушы жобаларын жүзеге асырып жатыр. Аймақта инвесторлар үшін салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер бар.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір