• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:32:35
Алматы
+35°

12 Қараша, 2016 NEWS

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын болады

Бүгін, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыста және...

Бүгін, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыста және республиканың оңтүстігінде қар жаумайды, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында тұман түсіп, бұрқасындатып, желдің күші 15-20 метр/секунд болады. Павлодар облысында да желдің күші 15-20 метр/секунд болып, күндіз және түнде кей жерлерде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе түнде Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түседі.


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір