• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:17:10
Алматы
+35°

13 Қараша, 2016 Саясат

Сеулде миллионнан астам адам билікке қарсы көтеріліске шықты

Сеулде ел Президентінің биліктен кетуін талап етіп көшеге шыққан халықтың саны миллионға жетті. Полиция наразылық акциясына қатысушыларды тұтқындауды бастады....

Сеулде ел Президентінің биліктен кетуін талап етіп көшеге шыққан халықтың саны миллионға жетті. Полиция наразылық акциясына қатысушыларды тұтқындауды бастады. Алғашқылардың бірі болып полиция өкіліне күш көрсеткен 45 жастағы ер адам тұтқындалды. Бұл туралы Ренхап агенттігіне сілтеме жасап «Қамшы» порталы хабарлайды.   

Бұған дейін ереуілшілер мен полиция арасындағы қақтығыс туралы хабарланған болатын. Көтеріліске шыққан жеті азамат жарақат алып ауруханаға т үсті. Бұдан бөлек төрт полицей жараланған. Тағы жиырма көтерілісшіге сол жерде жедел медициналық көмек көрсетілген.  

Естеріңізге салайық, ауқымды наразылық шарасына Оңтүстік Кореяның үш оппозициялық партиясы мен 1,5 мың қоғамдық ұйым өкілдері қатысуда. Олар Президент Пак Кын Хенің тақтан түсуін талап етуде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір