• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:03:16
Алматы
+35°

13 Қараша, 2016 Фото-баян

Әлемдегі ең биік сарқырама туралы не білеміз? (Фото)

Венесуэланың оңтүстік шығысында Анхель деп аталатын дүниежүзіндегі ең биік сарқырама биіктен құлай ағуда. Бұл жерде табиғаттың тылсым да ғажайып көрінісін...

Венесуэланың оңтүстік шығысында Анхель деп аталатын дүниежүзіндегі ең биік сарқырама биіктен құлай ағуда. Бұл жерде табиғаттың тылсым да ғажайып көрінісін тамашалауға болады.

Бұл сарқыраманы еуропалықтар алғаш рет осыдан үш-төрт ғасыр бұрын көрген. Бірақ ол заманнан сарқырама туралы ешқандай жазба қалмаған. ХХ ғасырдың басында ботаник Эрнесто Санчес Ла Крус Венесуэлаға сапары кезінде бұл аймақтан бұрын еш жерден кездестірмеген өсімдіктерді көріп, таң-тамаша болады. Бірақ ботаник ғалымның сарқырама туралы жазғандары да бізге жетпеген.

  1933 жылы Джеймс Эйнджел есімді пилот алмаз іздеп, Венесуэланың үстінен ұшып бара жатып, Анхелді байқап қалады. Алмазды таппаған ол ғажайып сарқыраманы зерттеуге 1937 жылдан бастап кіріскен екен. Үндістер бұл жерді Ауян (жын тауы) деп атайды.

Қазір сарқырама оны алғаш зерттеген пилоттың атымен Анхель  деп аталады. (Эйнджел деген адам аты  испан тілінде осылай дыбысталады). 1949 жылы сарқырама орналасқан Ауян-тепуи аймағына арнайы экспедиция барады. Бұл топ сарқыраманың биіктігін анықтайды.

Анхельдің жалпы биіктігі 979 метр. Ал Ауян-тепуя  теңіз деңгейінен 2950 метр биіктікте орналасқан.

Ауян-тепуяның тұмансыз күндері сирек. Ерекше өсімдіктерімен, жәндіктерімен танымал сарқырамалы өңірді ғалымдар әлі де зерттеу үстінде.

Әзірлеген Дана Қамшыбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір