• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:31:39
Алматы
+35°

14 Қараша, 2016 NEWS

СБЕРБАНК ӨЗ МЕРЕЙТОЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ҮЗДІК МҰРАЖАЙЛАРЫНЫҢ БІРІНЕ КІРУДІ ТЕГІН ЕТТІ

Қазақстан Республикасының 25, Сбербанктің 175 және Сбербанктің Қазақстандағы 10 жылдығына орай Ә.Қастеев атындағы мұражайға кіру тегін болатын болды....

Қазақстан Республикасының 25, Сбербанктің 175 және Сбербанктің Қазақстандағы 10 жылдығына орай Ә.Қастеев атындағы мұражайға кіру тегін болатын болды. 12 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін кез келген тілек білдіруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайындағы Қазақстанның, Еуропа және Азия елдерінің өнер туындыларымен таныса алады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

 Акция кезінде мұражайға келушілер тұрақты экспозициямен қатар Дэмьен Херсттың «Жаңа дін» атты көрмесін де көре алады.

Дэмьен Херст "Sunday Times" бағалауы бойынша қазіргі заман суретшілерінің арасындағы ең бай әрі әлем бойынша сұранысқа ие суретшілердің бірі. Оның «Жаңа дін» атты көрмесінде жібек-трафаретті баспа мен мүсіндер ұсынылады. Британдықтың туындылары адамның  өлім-жітімі мен оның ғылым мен техникаға деген бар ынтасын көрсетеді.

«Адамдардың өнер әлемімен танысуы, сол арқылы өздерінің ішкі дүниелерін байытуы өте маңызды. «Байлық» сөзі Сбербанкпен қатар қолданылған кезде ең алдымен материалдық құндылықтар ретінде қабылданатыны анық, алайда біздің қызметіміз адамдардың өміріне барынша көп материалдық емес игіліктерді алып келгенін қалаймыз», - деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Таскаранов.

Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының директоры Гүлмира Шалабаеваның айтуынша, Сбербанк ұйымдастырып жатқан акцияның арқасында өнер мен мәдениетке деген қызығушылық арта түспек. Гүлмира Шалабаева өз атынан Сбербанк ұйымына алғысын айтып, таңданысын білдірді. Оның ойынша материалдық құндылықтарды сақтау ұйымының мәдениетке көңіл бөлуі қуанатын жайт.

(Келушілер арасында ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға банк тарапынан сыйлықтар берілді)

Келушілер де осындай іс-шараның өтіп жатқанына мәз-мейрам. «Бүгінгі таңда мұражайға кіру билеттері қымбаттап кетті, осыған орай зейнеткерлер мен жұмыс істемейтін адамдардың мұражайға келіп, өнер туындыларымен танысуға мүмкіндіктері бола бермейді. Сондықтан Сбербанктің осындай іс-шара ұйымдастырып жатқанына өте қуаныштымыз» - дейді зейнеткер Екатерина ханым. 

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір