• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:55:35
Алматы
+35°

14 Қараша, 2016 NEWS

Додон Молдовада өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен

Молдавияның социалистер партиясының көшбасшысы Игорь Додон ел президентінің тікелей сайлауында жеңіске жеткенін жариялады, деп хабарлайды

Молдавияның социалистер партиясының көшбасшысы Игорь Додон ел президентінің тікелей сайлауында жеңіске жеткенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мен бүгінгі сайлауда жеңіске жеткенімізді нық сеніммен айта аламын. Мұхиттың ар жағында дауыс беру жалғасып жатыр. Алайда, біздің осы уақыттың өзінде 50 пайыз және плюс бір дауыс жинағанымыз белгілі болды.

Біз жеңдік»,-деді ол брифингте. Додон өзінің Еуропаны қолдаушы оң күштердің атынан сайлауға түскен қарсылас кандидаты Майе Сандуды электоратты тыныштандыруға шақырды. «Мен сіздің жақсы әрі лайықты нәтиже көрсеткеніңізбен құттықтаймын. Алайда, қазір біз қоғамның екіге жарылуының алдын алуымыз керек»,-деді социалист. Додонның сөзінше, ол бүкіл Молдова халқының президенті болады. Яғни оңшылдардың да, солшылдардың да, өзінің жақтастары мен қарсыластарының да. Санду дауыс беру учаскелерін жабыла салысымен осы жолғы президенттік сайлаудың нашар ұйымдастырылғандығын айтқан. Оның пікірінше, билік өкілдері оның шет мемлекеттердегі сайлау учаскелері мен дауыс беру бюллетеньдерінің санын арттыру жөніндегі талабын назарға алмады. Санду елдің Сыртқы істер министі мен Орталық сайлау комиссиясы басшысының қызметтен кетуін талап етті. Себебі Лондондағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беру бюллетеньдері бітіп қалған. Яғни, республика азаматтарының дауыс беру құқықтары шектелді. Молдавияның Орталық сайлау комиссиясының мәліметтерінше, хаттамалардың 98,32 пайызы есептелгеннен кейін Додонның 54,24 пайыз, ал, Сандудың 45,76 пайыз дауыс жинағандығы белгілі болды, деп жазды lenta.ru.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір