• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 10:19:01
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

14 Қараша, 2016 NEWS

6 жасар қазақстандық Дубайда менталды арифметикадан өткен турнирді жеңіп алды

Қостанайлық Рамзан Байдәулетов Біріккен Араб Әмірліктерінде менталды арифметикадан өткен халықаралық жарыстың әділқазылар алқасын таңдай қақтырды.

Қостанайлық Рамзан Байдәулетов Біріккен Араб Әмірліктерінде менталды арифметикадан өткен халықаралық жарыстың әділқазылар алқасын таңдай қақтырды.

 Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

 Жеңімпаздың анасы Айгүл Аюпованың айтуынша, оның баласы өзінің дәрежесінде бірінші болды. 8 минуттің ішінде ол 175 мысалды шешті, деп жазады Алау. «Онда екіқатарлы және бірнеше қатар мысалдар болған. Балам шешті. Ол цифрларды әп-сәтте орын-орынымен орналастырады. Өткен жылы біз менталды арифметика академиясына барғанбыз. Бүгін міне, нәтижесін көріп отырмыз»,-дейді жас ақыл-ой иесінің анасы. Рамзан мектепке дейінгі дайындық сабағына барады. Ол Қостанайдағы жедел оқу мектебін сәтті аяқтады. Ол сонымен қатар шахматпен де белсенді айналысады. Осы уақытта еңбекқор баланың 3 дәрежесі бар. Дарынды жастың анасы баласының өте керемет есте сақтау қабілеті барын айтады. Енді 6 жасар чемпионға Индонезияда өтетін жарыстарға қатысу жөнінде ұсыныс түскен. Ол Бали аралына 2017 жылдың желтоқсан айында барады. Рамзанның ең үлкен армандарының бірі - Елбасының шыршасына қатысу.


 


 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір