• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:24:59
Алматы
+35°

14 Қараша, 2016 NEWS

Алматыда бойжеткен суицид жасамақ болған жігітті құтқарып қалды (видео)

Алматылық бойжеткен Дамира Бекмұхамедова көшеде көлігімен кетіп бара жатып көпірден секіріп, өз өмірімен қоштаспақ болған жас жігітті құтқарып қалды.

Алматылық бойжеткен Дамира Бекмұхамедова көшеде көлігімен кетіп бара жатып көпірден секіріп, өз өмірімен қоштаспақ болған жас жігітті құтқарып қалды.

Бұл туралы Қамшы порталы хабарлайды. 

Оқиға бүгін орын алған,  14 қараша, сағат таңғы 3:50-де.

«Мен өзге көліктерге белгі бере отырып, оны райынан қайтаруға тырыстым. Ол алға қарай ұмтылып тұрды. Мен ондай жағдайда не айту керегін де білмедім. Сонда да онымен сөйлесуге тырыстым. Ол болса шешімді түрде алға ұмтылды.  Сол сәт мен шалбарынан ұстап күшім жеткенше артқа қарай тарттым. Сосын өзге жігіттер келіп, оны қолынан ұстап қалды. Ол өзін құтқармақ болған жігіттермен төбелесе кетті. Кейін жігіттер оны көліктеріне  отырғызып алып кетті», – деп жазады бойжеткен Facebook парақшасында.

Видеода жігіт қызға өмірінің еш мәні қалмағанын айтады. Жігітті райынан қайтаруға тырысқан бойжеткен видеоны өзгелерге сабақ болу үшін, қандай жағдай болмасын өз өміріңе қол жұмсамау керегін түсіндіру үшін жариялағанын жазған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір