• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:47:27
Алматы
+35°

 

  «Туған жердің үстінен ұшып өткен құстар-ай , сендерде арман барма екен?! » - міне бұл Оралхан Бөкейдің сөзі , мен және мен сяқты қаншама сағыныш жүректі жандар осылай ойлап келдік? осындай санамен сарғайып келдік?  Мен бұл кейіптеу үшін өкіндім. Біздің ең нәзік қаталдықтарымыздың бірі - құс қайтқанда құстарды қайғысыз тізбектеліп бізді нарау күйге тастап кетушілер деуімізде, құстарды масат дүниенің тұрғындары деп ұғатынымызда.

Алтайға қарашаның қары жапалақтай бастағанда Шайсұлтан деп аталатын тоғайлықта едік. Жұбайым құрқылтай құстың ұясын іздеп кеткен. құрқылтай құстың ақ мақпал ұясы дүниедегі ең ғажап құс ұяларының біреуі. жүн- жұрқаны сілекейімен илеп тоқып шығатын құс ұясы омалдың(ревмәтизмнің) ең таптырмас емдерінің бірі. Біздегі жұрт ежелден құрқылтай құстың ұясына сол үшін ынтызар болғанымен мүлдем тисіп көрмеген, жаз бойы айналайын шәкене ғана құс айнала жем іздеп балапандарын бағып қағатын. Бұл айналайын құс басқа қүстармен бірге шөп буыны қатқанда жылы үйекке ұшатын. Құс кеткен соң көп ұзамай Алтайдың дәстүрлі ұзынсонар қары жауады. Адамдар құрқылтай құстың ұясына сол кезде ғана әрең батынатын. Тоғайда сытырлаған бұтақ күрсінісі естіледі. Жұбайым маған бір нарау сары теректің бұтағынан құрқылтай құстың ұясын қағып алыпты да маған әкеліп берді. жұп-жұмсақ кірпияз ұяны сипап көрдім. Менің де жанұям осындай кірпияз, осындай жұмсақ еді дедім. Ұяны айнала сипап, ақырында шүмектей ғана аузына қол жүгіртіп көргенім сол еді бірдеңелер тұрғандай болды да ақырын қысымдап алып шығып едім жүрегім тілініп түсті. Ол балапан, ол құрқылтайдың етбауырлары... қайдан жатыр... қайдан жатыр... тас екен, жәй құс емес, сементтеи ғана сүркейлі. Тіпті ұяның ішінде екі балапан бар екен. Бір уыс болып ғана жатыр екен дейтіндей ірі де емес қайрандар, екі шөкім балапан. Сайрап тұрған құс демейін, аузын қақ жарымын ашқан күйінде шипылдап тұрған балапанның шебердің қолымен қатырылған мүсіні. Бұл қайдан келіп тұр бұл тәпелтек мүсін?... көзімнен жас ағызды... жанары да ашық жарықтарымның, обал- ай, обал...

Анасынан тосын жағдайда ерте айрылған киелімнің бұл қайран зары оның ағаштай боп қатқан көздерінде қыс ішінде қайта бүршік атқаны- ай...

Құрқылтай - анам нәр теріп жүріп абжыланға арбалмаған шығар? Құрқылтай анамды алып құстар тегеурінінде үгіп кетпеді ме екен?

 Екі шөкім тіршілік жетімханада көзі жәудіреген сәбилер сяқты анасының оралуын күтті ме екен? анасынан аян да келмеді ме екен? анасының өсиетін жел ұшырды ма? ай тұншықтырды ма?

 Өмір бітті. балауса тарландардың мүрдесіне қыс қарының жиырма ұшқынын жисаң дәл қабаттасатындай болып тұр. Өз ұяңда жатып өлген осыншама аянышты, ал, өзге ұяда жатып өлгендердің тағдыры қаншама аянышты?

 Жетімдер зары? құстар зары? теректер зары?

 Ал, айтыңызшы , «туған жердің үстінен ұшып өткен құстарда арман барма екен?»

 

 

Айбота Өскенбай

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір