• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:31:46
Алматы
+35°

Өркен Салубай

 

 

Жан тоқырауы

 

Қараңғы түнімді көкжиектегі таң ырды,

Үн-түнсіз еске алдым, үн-түнсіз жатқан тәңірді.

Әлди мен көрістің арасында, жұмбаққа айналды ес мүсіндерім,

Ескы құрлықта аяғым ізінен көрінді бет пішіндерім.

Құс ұясындағы сілекейленген жылқының қылы,

Ғарыштан шашыраған сәуленің, қылпының нілі.

Жеткенде маған жалғыз тал жарыққа жасырынған желқабыз жеті рең,

О, жер- ана, жетім адамзатқа шексіз махаббатыңмен мекірен.

Пәруәрім маған аян еткенде, Дүниенің жалған бес кұнын,

Әлмисақтан да ары, уақыттан да ескімін,

Сөнгенде мынау ғаламның, қызыл тіліндегі әлемдік, киелі от,

Күн мен ай батады, ағаш анамыздың бір бұтағында үйелеп.

Жылаған сәбидің алақан жылуынан қаражер жылынды,

Табиғат таң қалды, тілсім  тынштықтарда тіліне ым қылды.

Сол киелі жылудан босағанда сәл, әлемдік тартылыс,

Пәниде қалдық мен, сен, ол... тән, оңдык артық үш.

Жөргегім жұпары жұққан, ықылым ішінде ілбиді исім,

Бәдіздер бетінде ұйыйды мың жылғы сиқым.

Иіскегенімде кіші бесігім – сәбилер шаһарындағы үкі исін,

Мимырт дүние, миымның қыртысында мәңгірген мифімді мытисың.

Ежелгі топырағымда ұйықтаймын, түсімнен шымқай оң іздеп,

Бабам айтатын тағылым осы, "дүние ісі қоңыз" деп.

Сол мимырттар ішінде білседе өзін тозбасын уақыт,

Тұрады адамзаттың, қара жер арқасына көз жасы батып.

 

 

Әлмисақ өлеңі

 

Мен ақының едым, миығында періште күліп, ашуы ажал болжаған,

Дұға қылғанда, күн мен ай жарығында оң ғалам.

Жаһанға мені жамыратқанда жер бетіндегі жеты ұйық,

Күн күркірінен тірілгем нажағайлардан от иіп.

Жабайы заманда қараңғы жартастардың жаңғырықтарын жамылып,

Үнсіз қалғанмын адамзат кейпімде уақытқа танылып.

Жанарыма тығылды жалыншқа кіріптар жапанның жарығы,

Ажалды сескентті Қорқыттың қобызы мен Асанның зар үні. 

Жұлдыз нұрынан пайда болғанда миы өлі көлеңкем,

Ұжымақтан маған, ұшып жеткенсің киелі өлең сен.

Көл бетіндегі шертиген шеңберлерден жарты ай да ұялған,

Мен жағадағы ақын едім, қартайған қялдан.

Алақан сызығымды жалғап бидай дәніндегі бір тал әжымге,

Табиғат үйреткен тәкаппарлығымды ұмыттым мұрса, ал, лажым не?!...

Жаңғырықтарым соңымнан келеді, өз сөзымді қуалап,

Бақсы жарғанаттар ұшады бағзы үнімді дуалап.

Түскенде алғаш кіршіксіз топыраққа жуас іздерім,

Аңқау көлеңкем ғана қалды күнәсіз менің.

Әлмисақтан көрінді тәніме жасырынған топырақ реңі,

Ауырды оған ақынның ғана босырақ жүрегі.

 

 

Табиғат сәбиі

 

Туған жер тасын бауырына басқан құстарым, еркіндік шайқаған.

Кім оған сұқ қадар көзінде разылық таийсаған.

Ой күнәсі алдында әлжуаз халдемін,

Мазақтап кетеді табиғат тілінде әлде кім.

Қасымда түн көбелектері  тым жомарт,

Бір сәби жылайды қойнымда, өзімнен мүлде қарт.

Көкірегімнен жоғалған жүрегім, кім оны іздейді кеудемді сипалап,

Крест жолдарда қаралы гүлдердің исі ағад.

Келгенде жанымнан жарығын жасырып ымырт, түн,

Өзімді «өзімнің »ішінен тірілттім.

Таңы жоқ шығыстар, сұп-суық маңдайыңа нұр ілсем,

Қасиетті жерімде  ежелгі қалпыңмен тіріл сен.

Сайқалдық сайтаны азғырған, жан-жағым сандырақ,

Тастанды топырақтан тірілер кім тағы тән құрап?!

Кетеді білдірмей келгенін, ажалда жылбысқа,

Мен ешкім сұраққа тартпайды мың жылдық қылмысқа.

Уақыттың ізіндегы тозаңнан салынған моладан,

Өз тәнін іздеп жүр адасқан көп адам.

Иманды әжімдерім менің, алақаныма тартқанда тамырын,

Естідім түсімде ғарыштан құлаған алланың әмірін.

Құбыладан келді ұшып, киелі дұғаға айналған нұр-аян,

Табиғат сәбиі-ей, ақын  көз ілме, тұр, оян.

Ішімді өртеді ықылым заманнан жалғасқан ым, ырым,

Мен мынау пәниде емеспын, баһида тірімын.

 

 

Көсе құрлық күбірі

 

Ойыншығы үшін жараған сәбиге қуыршақ,

Ойыншық боп жүрмін мен де пәниге бір сәт.

................................................

Молаларға толады әппақ айдың сәулесі лыпылдеп,

Киелі жылуын шашады ғарыштан жеткен үкы үнді от.

Түсімде көрдім бір нүктеге айналған жер мен аспанды,

Қос алақанымда кілкіген, өңдерім қалды тастанды.

Табиғат ана, мен де бір жетім адамзатпын әлжуаз,

Құс ақын болдым, мезгіл бұтағына қонған қалғуы аз.

Шымқай бір шимайға толған бұл менің қағаз дәуірім,

Жазмыштың ауызындағы соңғы сөз, ажал, ауыр үн...

Төрімде отыр есігімде ес білген құлым,

Телмеңдеп өткен қайран- н - н! тексізге кұным.

«Ұстарасыз ауызыма түсті» қылмсты мұртым, күнәлі сақалым,

Көсе құрлыққа шүлдірлеп айтқан ұнады мақамым.

Ғасырдың қабағынан көрдім қайырымдылық һам қатаңдық,

Ақыры аңызға айналам, асығым шігесін апан ғып.

Қой жылы құмалақсыз қалдырдым, бақадай шулаған бақсымды,

Көп еркелеттім көбікте жұқа көйлегін киген нәпсімді.

Кім тағы мынау тастанды топырақтан тән түзген,

Шұбырып келеды дүниеден, өзіме ұқсайтын сансыз «мен».

Өмір өмірге келгенде, емеспе еді қойнымдағы ұяң үрпегім,

Өңімде оян деп, қасымда жатқан өзімді- өзім түртемін.

 

 

Ғайып ымырасы

 

Ыстық өлеңге өртенген құстың қауырсын күйесі,

Мен едім оның әлмисақтан бергі иесі.

Сол киелі қауырсынның пәниге жұққан дақтарын,

Дүниеге келгенде мынау солақай уысымда сақтадым.

Әппақ қағазға айналды алақаныма себілген уақыт ұнтағы,

Һам ыхыласты іңгәлауым еді ай бедері мен күн табы.

Сөйледім сосын табиғатқа да сәби тіліммен былдырлап,

Төгілді жерге жасыл жапырақтардан нілді ырғақ.

Анамның әлдимен тербелген бесігімнің кім ұрлар ырғағын,

Сәби исіме айналды, жауырап адасқан мыңғырған нұрларым.

Көлеңкемді жоқтай алмаған іңырлерімді сөндіріп,

Солақай дүниеден келгенмін бұрышсыз дүниеге оң кірып,

Мен-дағы мынау аяқталмай қалған ақырғы аңызбын,

Өмірден бұрын келді мде өлімнен бұрын жан үздім.

Адамзат қайда аяғымның астындағы адасты құрлығым,

Өңімде айыпталды түсімде істеген ұрлығым.

Кеттім мен сосын өзімнің де адамзат екенімді ұмытып,

Қызыл тілімді қызыл шоқпенен суытып.

Қызғанышпен жамап қызыл тікен жыртқан гүл исін,

Көп қызықтадым, көктемі жоқ көбелектердің жымиысын.

Ақ кірді шашыма пәниде қалды үш маусым,

Қаршадай ғана қиялым менің дұғаға балаған құс даусын.

Келемін міне елдімен де емес елсізбен,

Мен, меңыреу мезгілден меселдем қайтқан «менсіз» мен.

 

дайындаған: Бұлғын Сусар

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір