• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:38:24
Алматы
+35°

14 Қараша, 2016 Әдебиет

ҰЙҒЫР ТІЛІНЕ АУДАРЫЛДЫ

   Жуықта Шығыс Түркістандағы кітап дүкендері мен кітапханаларына Оралхан Бөкейдің ұйғыр тіліндегі көк кесірткенің терісіндей алжасыл мұқабалы кітабі...

   Жуықта Шығыс Түркістандағы кітап дүкендері мен кітапханаларына Оралхан Бөкейдің ұйғыр тіліндегі көк кесірткенің терісіндей алжасыл мұқабалы кітабі сірестіріліп тізіліп жатты. Ұйғыр оқырмандары үшін тың буда парақ есептелетін Қазақтың сүйікті жазушысының ашаршылық зүлмәтінда өз қаңқаларының тау жасап, абайсызда көлдің көзін бітеп тастарын да білмей қалған аңғал да қорғансыз бабалары үшін тұтқан азасының күйігімен өсірілген <<Атаукере>> "гүлдері " енді Ұйғыр тілінде << Ажал риздығы>> деген атпен Такламакан алқабына  жол тартты.

  Аталған аударма кітап  3000тиражбен <<Шинжияң халық баспасында>>  басылып шыққан болып, тарихи романды Қазақ тілінен Ұйғыр тіліне аударған Әбдуәлі Мұқит деген Ұйғыр қаламгері болып шықты.

  Алжасыл мұқабалы кітапті қолымызға алып ең соңғы тарауларын парақтағанда <<Біз ниме үчүн?(Біз не үшін?)>> деген сіргежияр сөйлем көзімізге оттай басылды. 

 

Көкбөрі Мүбарак

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір