• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:05:43
+35°

14 Қараша, 2016 Айтты-ей, бауырың!

Түркия қазақ жастарын тегін оқытуға неге құмар?

Түркияда дін оқуын оқып, 15 жылдай сонда өмір сүріп келген бір жігітпен таныстым. Былтыр Кония деген қаласында дінді тереңдеп оқып жатқан 30 дан асқан...

Түркияда дін оқуын оқып, 15 жылдай сонда өмір сүріп келген бір жігітпен таныстым. Былтыр Кония деген қаласында дінді тереңдеп оқып жатқан 30 дан асқан жігіттермен танысқан едім. Қазақстаннан ұшып бару тегін, жатын орындары тегін, оқу тегін, тамақ тегін! Коммунизм қысқасы! Ал, өздерімен әңгімелесіп, ата-баба, ата-жұрт, туған ел, Абай, Махамбет жайлы сөздерді айтып көріп едім, жылт еткен жанар көре алмады. Сұмдық! Қазақ үшін, ата-анасы үшін жоғалған балалар!

Ал, енді сіз бір бай түрікке, не арабқа барып «Осындай да осындай қиын жағдайға түсіп тұрмын, 100 доллар берші» деп сұрап көріңізші. Қиын жағдайда болмақ тұғыр, өліп жатсаң қол ұшын берер ме екен?!

Ал, енді түріктер осынша қазақ жастарының басына неге коммунизм орнатып отыр? Неге әлгі жастар, ата-аналары осыны саралап ойламайды? Тегін ірімшік қақпанда болады дегенді білмейтін жер бетінде пенде жоқ шығар! Ал, сол тегін ірімшікке өңмеңдеп тұрып ұмтылғанды қашан қоямыз??

Ал, енді өз мұсылман бауырларынан теріс айналып, бір босқын қабылдамай қойған арабтар,  мешіт саламын десең ғана миллиондаған долларды неге төге салады? Қаншама қайыршы, ішерге асы, баспанасы жоқ мұсылман бауырларына пысқырып та қарамайтын олар миллиндаған долларды неге шашады?

Әлгі жігіттің айтуынша, Түркия мұсылмандарының арасында 100-ден астам тармақ бар екен. Бірін-бірі мойындамайды. Көбі сырттан аңқау қазақтарды апарып, өз тобын көбейтуге жанталасып жатыр. Осы жаққа келген әлгі бауырлар өз елін жек көретін, қазақ деген болмысынан айрылып, мүлде басқа адам болып оралатынан көріп те жүрген боларсыздар!

Тегін келген заттың, білімнің артында үлкен қауіп бар екенін ұмытпаңыздар!

Ахметбек Нұрсиланың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір