• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:15:11
Алматы
+35°

 

ҚХР- дағы Қазақ студенттері бірлестігі «Өлең - сөздің патшасы» атты студенттердің халықаралық жыр мүшәйрасын жариялады.

Ұйымдастырушы орын жайлы: ҚХР- дағы «Қазақ студенттері бірлестігі» 2011жылы Пекин қаласында шаңырақ көтерген, қазірге дейін осы елдегі 28 провинцияда бірлестіктің филиалдары жұмыс істейді.

 Атаулы ұйым Абай Құнанбайұлының 170жылдығын ҚХР-дың 20неше провинциясының орталықтарында атап өтті.  Қаражорға биін осы елдің16 провинциясында билеп тамаша аңыс қозғады.

Студенттік бірлестіктің басты функциялары:

Кәсіптену және жаңалық жарату,  кәсіпкерлермен селбесіп жұмыс жасау; ұлттық салт-дәстүрді, мәдениетті ұлағаттау, ұлттық өнерлерімізді, тілімізді қорғау, біртұтас мәдени шараларды ұйымдастыру; студенттерді ғылми жаңалық ашуға талпындыру; ақысыз домбыра, тіл, әдебиет курстарын ашу;

  

Мүшәйраның мақсаты мен міндеттері:

 

* Әдебиетті қолдау.

 

* Сол арқылы руханияттың маңызды саласы болып есептелетін әдебиет әлемінің жас буын, жаңа есімдермен толығуына үлес қосу.

 

Жүлде қоры:

Бірінші орын(бір адам) -

1 000 юан(50 000 теңге) және бірлестіктің арнайы сертификаты.

 

Екінші орын(екі адам) -

500 юан(25 000 теңге) және бірлестіктің арнайы сертификаты.

 

Үшінші орын(үш адам) -

200 юан(10 000теңге) және бірлестіктің арнайы сертификаты.

 

Мүшәйраға қатысу шарттары:

- Мүшайраға ұлты қазақ студент ақындар қатыса алады;

Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:

* Шығармалар 2016 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады;

* Шығармалар тек электронды түрде ғана қабылданады;

* Шығарма мәтінінің электронды нұсқасы /міндетті/ мына мекен жайға жіберілуі тиіс: [email protected] ;

* Ұлттық қайшылық, діни араздықтан ада кез- келген еркін тақырыптағы өлеңдер қабылданады.

* Сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады;

* Сайысқа қатысатын шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;

 

Қосымша талаптар:

 

- қатысушының аты-жөні;

 

- тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат;

 

- Шығарманың мәтіні: Кирилше немесе Төте жазуда қабылданады.

 

- Шығармалардың барлық авторлық құқығы сақталады.

 

Шығарма біртұтас ҚХР-дағы "Қазақ студеніттері бірлестігінің"  уишат желісіндегі  блогында жарияланады, әрі оқырмандар билет тастайды.  Мүшәйраның жүлдегерлерінің анықталуында әділқазылардың бағасы 80%, оқырмандар тастаған билеттің салмағы 20%-ын иелейді. Жүлдеге лайықты деп саналған авторлардың марапат қағазы мен сыйақысы оның почтасы мен жеке банк шотына жіберіледі. Сонымен бірге жүлделі жүйріктердің шығармалары Қытайдағы түрлі басылымдарда жарияланады.

«Қазақ студеніттері бірлестігінің»  WeChat желісіндегі  блогы: «KzStu»

 

Байланыс жасаушылар:

 

Ғалымбек Оралханұлы

Тел: +86 17751030331;(WeChat:1227758200)

 

Жайдар Сәбиғатқызы

Тел: +86 15622173908;(WeChat:jaydar2211425812)

 

Мәуленбек Бақытұлы

Тел: +86 13069203098;(WeChat:maolen2667891457)


дайындаған: Бұлғын Сусар

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір