• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:05:08
Алматы
+35°

15 Қараша, 2016 Кәсіпкер

Ринат Зайытов: Премьер-министр, депутат, әкімдер бастық емес, халықтың қызметкерлері (Видео)

«Алматы» теларнасындағы журналист Нартай Аралбайұлы жүргізетін «Өткір тіл» бағдарламасына келген айтыскер ақын Ринат Зайытов&nbsp...

«Алматы» теларнасындағы журналист Нартай Аралбайұлы жүргізетін «Өткір тіл» бағдарламасына келген айтыскер ақын Ринат Зайытов қоғамда болып жатқан дін мен саясат, айтыс төңірегінде журналист қойған сұрақтарға жауап беріп, көкейде жүрген кей мәселелер төңірегінде өткір ой білдірді,- деп хабарлайды Қамшы порталы. 

Бір кездері айтысқа шықпай кеткен Ринат өзінің айтысқа қатысатыныңн естіген шенеуніктердің айтыс өтетін ғимараттарды өзі үшін бермей қойған сәттері болғанын айтты.

Ринаттың атын жамылып  Facebook парақшасында түрлі даулы мәселерге от салатын жалған ақпарат таратып жүрген, Ринат Бектасұлы туралы да ақын өз пікірін айтып кетті. Зайытовтың атын жамылған Ринат Бектасұлы атты желі қолданушысы Қанат Исламның әйелі әсіре діншіл, хиджаб киеді деген қауесет таратып, біраз жұртты дүрліктірген болатын. Тіпті, ол өсекке өкпелеген  қытай қазақтары Ринат Зайытовқа хабарласқан көрінеді.

Қазақстанда негізгі билік халықтың қолында, ол ата-заңда көрсетілген дейтін ақын шендінің бәрі бастық емес, олар халықтың қызметкерлері дей отырып, былай дейді:  

Кәрім Мәсімов премьер-министр болып тұрғанда «отставкаға» кетпейсіз бе деп ашық айтқанмын. ҚР азаматы ретінде оны айтуыма миллион негізім болды. Сол сөз айтылған айтыстың ертесінде мен өз арамызда  кішігірім жиналысқа салындым.  Сонда бір ақ сұрақ қойдым. Біз өз жерімізде, өз мемлекетімізде отырып, өзіміздің мұң-мұқтажымызды айту үшін бір қызметтегі адамнан қорқамыз ба?! Біздің ата-заңымызда Қазақстанның негізгі билігі халықта, қалғанының бәрі атқарушы билік деп жазылған. Демек, премьер-министр, депутат,  облыстың әкімі барлығы халықтың қызметкерлері. Бастығымыз емес. Осының ара-жігін ажыратып алу керек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір