• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:20:52
Алматы
+35°

15 Қараша, 2016 Әдебиет

Жүрегің соғуынан жаңылмасын!

Бұл жолғы ,«ЭФИР. ӨМІР. ӨЛЕҢ» атты өлеңдер топтамасының атауын  өзгертіп бердік. Топтама ертерек даярланғанмен, Мейірханның қазіргі хәліне...

Бұл жолғы ,«ЭФИР. ӨМІР. ӨЛЕҢ» атты өлеңдер топтамасының атауын  өзгертіп бердік. Топтама ертерек даярланғанмен, Мейірханның қазіргі хәліне байланысты біз өз тарапымыздан жаратқаннан  оған шипа,басына амандық  тілейміз. Осы аптаның ішінде, Түркиялық үлкен сайттардың бірінде, «Göz nurum,gönul şarkım olan-iyi adam!» атты әңгімесінің  тұсауын кесемін деп жүрген жалынды жастың кенеттен жүрек дертімен ауруханаға түскені жанарымызға жас үйірді. Мейірханнан біз бен оқырман  кесек-кесек жаңа туындылар күтеміз. Оқырман қауым, «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдегері атанған  хәм Түркияда өткен сан түрлі байқауларда өзін дәлелдеп жүрген Мейірхан Мейрамбекұлының өлеңдер  топтамасын  оқырманға ұсынамыз .

Аға

Суна Гүлер

 

Қаңтар болмасын деп,

Қиялымның көгі таза.

Үмітің солмасын деп,

Ессізге қолданар жаза.

Күзі көп көңіл назын,

Жатсынбай қабылдар.

Жүрегіме үміт нәрін,

Сіңіруге әркез құмар.

           

   

Тағдыр тартуы

Ангелина Агапия

 

Барыма шүкір етейін,

Өмір мұңын нетейін...

Жалғанның жүзіне,

Күліп –күліп кетейін.

Соқыр десе де біреу,

Жанымда бар тіреу.

Болмайды ол бар да,

Менде еш күйреу.

Үнімен сүйрер,

Жылы сөзсіз-ақ.

Жайым жоқ күйрер,

Мұңдар менен ұзақ.

Құра алмас ол барда,

Маған тағдыр тұзақ.

Жауапсыз қалмас,

Өмір тартқан сұрақ.

 

 

 

 

Аямаңыз... Аялдаңыз...

Ангелина Агапия

 

Аямаңыз...

Шарасыз жүрек үшін.

Аялдаңыз...

Жаққұт жырым үшін...

Аямаңыз...

Тамшы жастарым үшін...

Аялдаңыз...

Арайлы таңдарым үшін...

Аямаңыз...

Түк көрмес жанарым үшін...

Аялдаңыз...

Биікте самғауым үшін...

Аямаңыз... Аялдаңыз...

Өлеңге өзімді арнауым үшін...

                    

 

 

 

 

 

Арман жыласа...

Фериде Аслан

 

Қабақта - мұң....

Қайғым – іште.

Жылап рухым,

Тапа тал түсте.

Арманың жыласа,

Үмітің дәрменсіз.

Арманың жыласа,

Жүрегің сенімсіз.

Күткен бақытың,

Алдаса азап сол.

Бір уыс шаттығың,

Бастар кейде жол.

Жадыңнан өшірген,

Өткен шақ келмес.

Көңілім кемсеңдеген,

Санамнан есімің өшпес.

Аспан дертін айтып,

Ақ жаңбырға айналар.

Ақын сырын айтып,

Бір сағымға айналар.

        

Кептер мен кейіпкер

Неслишаһ Эрген

 

Теңіз неге толқиды,

Көбік шашып көкке.

Жүрек неге толқиды,

Жану үшін-ау өртке.

Кептерлерге таңмын,

Хат тасыған көңілден.

Кейіпкеріме таңмын,

Алыстатқан өмірден.

                  

 

Әнуар

Фериде Аслан

 

Әнуар,

Жан ұғар.

Жалғанда,

Арманы – тұмар.

Әнуар,

Жан құмар.

Лебіз сөзіңе,

Жан жырлар.

 

 

Бағалармын сені

Минара Абилова

 

Сен,

Мөлдір тамшым,

Сен,

Мөлдір жансың.

Қиялым қарысып,

Мұңменен алысып,

Уақытпен жарысып,

Сағынышпен табысып.

Сен,

Теңіздей тереңім.

Сені,

Өзімдей көремін.

Сен,

Қиялмас қымбатым,

Сен,

Жырмен тең атың.

Сағынған шағыңда,

Жүрегім шағына.

Жетпей жыладым,

Өмірдің жазына.

 

 

Кешірім

Минара Абилова

 

Кешірім сұрап,

Үйрене алмадым.

Жанымды қинап,

Өзімді алдадым.

Кешірім бердім,

Санам сөккенмен.

Кешіріп келдім,

Жүрекке сыз өткенмен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір