• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:22:02
+35°

15 Қараша, 2016 NEWS

Атырауда киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогі өтті

Өткен демалыста, 12-13 қараша күндері Атырауда киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, кадеттер, юниорлар, ерлер және әйелдер арасында Қазақстан...

Өткен демалыста, 12-13 қараша күндері Атырауда киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, кадеттер, юниорлар, ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 13 қарашада “Атырау” спорттық-сауықтыру кешенінде өтті.

Дүбірлі бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысты. Нақтырақ айтсақ, каратэшілер Астана, Алматы қалалрынан, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО, СҚО, Атырау облыстарынан ұзын саны 350-ге жуық каратэші бабын сынады.

Ал сайысты тамашалауға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҰРККФ президенті, Парламент мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов келді.

Жиында сөз алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

“Елбасымыз 25 жыл бойы спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келе жатыр. Президенттің тапсырмасымен еліміздің барлық өңірінде спортпен айналысуға толық мүмкіндік жасалды. Атырау  облысы да бұл үрдістен шет қалған жоқ. Аймақта барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген спорт сарайлары бой көтеріп, халықтың игілігіне беріліп жатыр. Бүгінгі сайыс Елбасымыздың сол қамқорлығының көрінісі. Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін! Үміттеріңіз ақталсын!”, -  деді облыс әкімі.

Жарыс қорытындысы бойынша, әйелдер арасында атыраулық Кристина Сайнова мен ақмолалық Әлемгүл Сабырхан үздік деп танылды. Ерлер арасында атыраулық Андрей Котов, астаналық Жәнібек Бұрхашбаев, Данияр Әлимусинов және Нұрлыхан Садуақасовтар жеңісті қанжығаларына байлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір