• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:34:26
Алматы
+35°

15 Қараша, 2016 NEWS

Министр өзін «жыныстық қатынасқа бопсалады» деп айыптаған бойжеткенді сотқа берді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "жыныстық бопсалады" деп айыптаған Еңлік Сыздықованы сотқа берді, - деп хабарлайды &laquo...

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "жыныстық бопсалады" деп айыптаған Еңлік Сыздықованы сотқа берді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Соттағылардың айтуынша, жоғары лауазымды шенеуніктің ісі өндірісте. Мұхамедиұлы қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабы бойынша жауап беруі тиіс деп есептейді. Нақтырақ айтсақ, бұл бап - Жала жабу, яғни Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрнеу жалған мәліметтер тарату. Бұл баптың жазасы - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

Ал әлеуметтік желілерде Сыдықованы қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша құжат таралып жатыр. Мұхамедиұлының бұл шағымы Астананың №2 Есіл аудандық сотында қаралып жатыр делінеді. 16 қарашада Мұхамедиұлы мен Сыдықова іс материалдарымен танысу үшін және шағымның көшірмесін алу үшін, құқықтарын түсіндіру үшін сотқа келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір