• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:23:52
Алматы
+35°

15 Қараша, 2016 Фото-баян

Үндістанда бір ауыл 6 жасар балаға Құдай ретінде табынып жүр (Фото)

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай ретінде көріп, оған табынып жүр. Тұрғындардың пікірінше, Праншудың тәніне үндістердің бір Құдайының жаны қонған...

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай ретінде көріп, оған табынып жүр. Тұрғындардың пікірінше, Праншудың тәніне үндістердің бір Құдайының жаны қонған болуы мүмкін. Себебі оның сырт келбеті Ганеш Құдайына қатты ұқсайды. Праншу Пенджабтағы Джаланхар (Jalandhar) елді-мекенінде тұрады. Дүниеге келген кезінде-ақ оның көздері қысыңқы әрі маңдайы ісіңкі болған. Дәрігерлер оның денсаулығына қатысты нақты байламға келе алмаған-ды, деп жазады өз дереккөзіне сүйенген muslim.kz.

Оның ерекше бет-әлпетіне зер салған ауыл тұрғындары жас баланы Құдайға теңеп, оған «Лорд Ганеш» (авт. Ганеш – үндістер табынатын Құдайлардың бірі) деп ат берген. «Ол – Құдай. Басқа адамдар сияқты мен де оған табынамын. Себебі оның денесі Ганеш Құдайының мүсінінен аумайды», – деп атап өтті жігіттің әкесі.  «Менің түр-әлпетім Ганешке ұқсайды, адамдар менің шынайы есімімді де білмейді. Мектептегі ұстаздарым да маған құлшылық жасайды. Ал достарым мені Құдай санағандықтан, менімен ойнап немесе қорқытпайды. Адамдар мені Ганеш Джи деп атаған кезде өзімді бақытты сезінемін. Мен тек соған ұқсағым келеді. Үлкен басыма да, бет-әлпетіме де дән ризамын», – деп атап өтті кішкентай Праншу.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір