• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:35:28
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 Аймақтар

ОҚО-да тамшылатып суару жүйесін өндіретін зауыт салынады

Су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны «Golden Camel Group LTD» компаниясы жүзеге асырмақ. Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын...

Су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны «Golden Camel Group LTD» компаниясы жүзеге асырмақ. Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын технологиялармен жылына 1500 га егістік жерді суғаруға болады. Кәсіпорын іске қосылғанда мұнда 120 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл туралы BAQ.kz тілшісі хабарлайды.

Айта кетейік, осы жылдың 28-29 сәуірінде облысымызда өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Golden Camel Group LTD» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Түркістан қаласында салынатын инвестициялық жоба өнімдерін негізгі саудалаушылар - жергілікті ауыл шуаруашылық өнімдерін шығарушылар мен ТМД елдерінің өндірушілері болмақ.

Жалпы жыл басынан бері облыста тамшылатып суғару әдісі қосымша 6 мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті. Бұл біздегі аталған жұмыстардың республикадағы үлесі 73% пайыз екенін көрсетеді.

Айта кетейік, облыста атқарылып жатқан шаруалардың дені Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Өңірдің аграрлық салаларындағы оңды өзгерістер мен тың жобалардың жүзеге асырылу бағыты еліміздің аграрлық секторындағы ең басым көрсеткіштерге ие екені анық. Халыққа есеп беруінде облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлы өңірдегі ауылшаруашылық саласының даму бағыттарын тілге тиек еткен болатын. Жоғарыдағы нәтижелі шаруалар соның жарқын көрінісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір