• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:03:49
Алматы
+35°

11 Қазан, 2016 Аймақтар

Сарыағашта 13 мың тоннадан астам жүзім жиналды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында бүгінде 1891 гектар жүзім алқабы бар. Оның өнім беретін 1648 гектарынан шаруалар биыл 13184 тонна өнім алып отыр...


Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында бүгінде 1891 гектар жүзім алқабы бар. Оның өнім беретін 1648 гектарынан шаруалар биыл 13184 тонна өнім алып отыр. Биылғы орташа өнімділік гектарына 80 центнерді құраған, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жиналған жүзімнің 4 313 тоннасы асханалық болса, 8871 тоннасы техникалық сорттар. Биыл жылдағыдан мол өнім алып отырғандығын айтқан диқандар жиналған 8871 тонна техникалық жүзім сортын аудандағы «Caspian Food» ЖШС-гі мен «Семиречье» ЖШС-нің шарап зауыттарына өткізгенін айтуда. Ал қалған өнім ішкі нарыққа және еліміздің басқа облыстары мен 500 тоннасы Ресей Федерациясына жөнелтілген.

Өткен жылы 1648 га жүзім алқабынан 13 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік 79,2 цн/га болған.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстанның тағы бір ауданы  Түлкібаста алманың «апорт» сортын өсіріп жүрген шаруашылықтардың саны артып келеді. Бүгінгі таңда аудан көлемінде апорт алмасын өсіретін алқаптардың көлемі 200 гектарға жеткен. Апорт алмасын өсіруді аудандағы «Көктал», «Арша» шаруашылықтары қолға алып, жыл сайын жаңа баулар отырғызуда. Сатылымда сұранысқа ие апорт алмасын егуге басқа да шаруашылықтар қызығушылық танытып отыр. Жалпылай айтқанда, аудандағы ірілі-ұсақты 20 шақты шаруашылық жеңсік жеміс түрін баптаумен айналысуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір