• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 07:30:37
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

29 Қазан, 2016 Аймақтар

Ордабасы агроөнеркәсіп саласында алда келеді

Бүгін Ордабасы ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен  шаруашылық...

Бүгін Ордабасы ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен  шаруашылық техникасы және асыл тұқымды мал көрмесін ұйымдастырды. Шараға қатысқан аудан әкімі А.Мамытбеков барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, өз еңбектерімен жоғары көрсеткіштерге ие болған аудан еңбеккерлерін марапаттады.

Жері шұрайлы, азаматтары еңбексүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Ордабасы өңірі Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздің ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді. 

1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық ауылшаруашылық құрылымының саны 8275-ті құраса, оның 158-і яғни 1,9 пайызы ғана осы аумақтан болатын. 21 жылда бұл көрсеткіш облыста 72 417-ге жетсе, бүгінде ордабасылықтардың үлесі 5505-ке тұрақтады. 

Бұл жалпы облыстағы ауылшаруашылық құрылымның 7,6 пайызын құрайды. Жалпы, Ордабасы ауданы биылғы жылды да ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады деуге негіз бар.

Атап айтсақ: «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс көрсеткіші 20 173 ірі қара малды құраса, оның 5,2 пайыздық үлесі Ордабасыға тиесілі, ал «Алтын Асық» бағдарламасымен 2903 уақ мал алынды. Бұл облыстық көрсеткіштің 9,2 пайызы. «Құлан» бағдарламасымен алынған 741 асыл тұқымды жылқының облыстағы үлесі 16,5 пайызды құрады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір