• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:35:11
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 Аймақтар

ОҚО әкімі Сайрамдағы ауыл шаруашылық саласымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар шаруашылықтардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар шаруашылықтардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінгің баспасөз қызметі.

 Ең алдымен, әкім ауданның Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі «Қайып-Ата» ЖШС-не барып, ет комбинатын аралады. Ет өндіріп, оны буып-түюмен айналысатын серіктестікте 30 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 320 тонна ет өңдеуге қауқарлы комбинатта тәулігіне 300 бас ірі қара сойылады. Қожалық басшылығы келесі жылы кәсіпорынды кеңейтіп, ет өңдейтін құрал-жабдықтар қою арқылы шұжық өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Шаруашылықтың мән-жайына қанық болған Түймебаев Сайрамға жақын аудандарда бордақыланған төрт түлікті аталған ет комбинатында сойып, жұмысты орталықтандыру туралы тапсырма берді. Айта кетейік, «Қайып ата» ЖШС-і мал бордақылау алаңы ретінде 2011 жылы Қазығұрт ауданынан ашылған шаруашылық. Бастапқыда 1 мың бас ірі қараны бордақылаған қожалықта бүгінгі таңда 3 мың бастан астам мал бар. Қыс мезгіліне дейін мұндағы ірі қараның басын 5 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Мұнан соң, өңір басшысы Айтеке би ауылындағы «Dala-frut.kz» ЖШС-нің (Green Land) жеміс бауын тамашалады. 100 гектардан астам жерге үш жылдан бері алма және қара өрік жемістерінің көшеттері егілген. Баққа заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған тамшылатып суғару әдісі және шпалерлі жүйе қолданылуда. Кәсіпорын бүгінгі таңда 1 га жер телімінде «Заманауи технологиялы сыйымдылығы 10 мың тоннаға дейін көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма» жобасының құрылысын бастады.

                                

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір