• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:17:29
+35°

28 Қазан, 2016 Аймақтар

Түймебаев Сайрамдағы жеміс бауын тамашалады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сайрам ауданына қарасты Айтеке би ауылындағы «Dala-frut.kz» ЖШС-нің (Green Land) жеміс бауын...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сайрам ауданына қарасты Айтеке би ауылындағы «Dala-frut.kz» ЖШС-нің (Green Land) жеміс бауын тамашалады.

Оны соғу үшін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының сусидиялау бағыты бойынша қолдау алып отыр. Сондай-ақ, болашақта 7 га жерге қияр мен қызанаққа арналған жылыжай салуды жоспарлап қойған. Бұл ретте, аймақ басшысы аталған қарқынды баудың жұмыс тәжірибесімен өзге де аудандардың танысуы қажеттігін алға тартып, мұндағы шетелдік көшеттерді ондағы шаруалар да егуі керектігін айтты. Жұмыс сапары барысында Жансейіт Қансейітұлы жұмыс тәртібіндегі жоспардан тыс Сайрамның Қарабұлақ ауылына қарасты Ұлықбек атындағы №81 мектепте болды. Ондағы жылу жүйесінің қаншалықты деңгейде жұмыс істеп жатқанын бақылаған әкім электр қуатының үздіксіз беріліп жатқанына көзін жеткізді. Ақсукент ауылындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы да облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Шағын және орта бизнесті дамытып, аудандағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту керектігіне тоқталған аймақ басшысы жүйені оңтайландыруды жүктеді. Сондай-ақ, ол орталықта түрлі іс-шаралар өткізуді тапсырды. Сапар соңында Ж.Түймебаев Сайрам ауданының активімен кездесіп, аудан басшысы Самат Сапарбаевтың 9 айда атқарған жұмыстарының барысын тыңдады. Сайрамның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айтылған жиында алдағы жылға межеленген жоспар жайы да мәлім етілді. Келтірілген мәліметтерді мұқият тыңдаған өңір басшысы бірқатар салалар бойынша аудан басшылығына сын, ескертпелер айтты. Әсіресе, Сайрамның тазалық мәселесіне көңілі толмаған Ж.Қансейітұлы облыс орталығы - Шымкентке жақын орналасқан аудан ретінде Сайрам ауданын қоқыстан тазартуды жүктеді. Сонымен бірге, жер қойнауын пайдалану жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша аудан көрсеткіші төменгі деңгейде екенін айтқан әкім әрбір мемлекеттік қызметкер өз міндетіне жауапты болуы керектігін ескертті.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір