• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:48:01
Алматы
+35°

08 Қазан, 2016 Аймақтар

Оңтүстік - жылыжайлар ордасы

Оңтүстік Қазақстан облысы жылыжай салудан Қазақстан бойынша бірінші орында келеді. Өңірдегі  жылыжайлардың жалпы ауданы бүгінгі таңда 1025...

Оңтүстік Қазақстан облысы жылыжай салудан Қазақстан бойынша бірінші орында келеді. Өңірдегі  жылыжайлардың жалпы ауданы бүгінгі таңда 1025 гектарды құрап отыр, бұл еліміздің барлық жылыжай шаруашылықтарының 87%-ын құрайды.  Жылыжай  саласының дамуы осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады, себебі облыс халқының жартысынан көбі (55%) ауылды жерлерде тұрады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі жалпы еліміз бойынша 12,5% құрайды және екінші орынға ие. Оңтүстік өңірде суармалы жердің ауданы 440 мың гектарға жетті, егіс алқабының жалпы ауданы 773  мың гектарды құрайды. 

    Оңтүстіктің жылыжайлар мекені атануына "Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған даму" бағдарламасының үлесі зор. Жобаның "Агробизнес - 2020", "Жылыжай" бағдарламалары арқылы несие алып, жылыжаймен айналысып отырған кәсіпкерлер жетерлік. Соның бірі Қажымұқан Тұяқов. Жылыжай қожайыны  Сарыағаш қаласының Кәсіпкерлер палатасынан өз бизнесін кеңейту бойынша кеңес алады. Сала мамандары жан-жақты кеңес бере отырып, кәсіпкердің жобасына қолдау көрсеткен. Осылайша, ол мамыр айында «Сарығаш несие» несие серіктестігінен он миллион теңгені несиеге алып, өзінің бизнесін кеңейтті. Жалпы, кәсіпкер өз жылыжайын 2010 жылы ашқан, ол 50 сотық жерді алып жатыр. Ал, қуаттылығы жылына бір тонна көкеніс өнімін беруге жетеді. Мұнда сегіз адам еңбек етуде. «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алып жылыжай кеңейтілді және тағы үш адам жұмыспен қамтылды», деді кәсіпкер. Айта кетерлік жайт, кәсіпкер «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында өз білімін жетілдірді. Мұнда шетелдік әріптестермен байланыс орнату үшін Германияда тақырыптық бизнес-тәжірибеден өту қарастырылған.

rgmedia.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір