• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:12:34
Алматы
+35°

14 Қазан, 2016 Аймақтар

Оңтүстікте жоғары сапалы «түркістан» мақта сұрыбы таныстырылды

Қазақстан экономикалық тұрғыда даму үшін елге инвестиция тартып, зауыт-фабрикалар салып, ауыл шаруашылығын аяқтан нық тұрғызуы маңызды. Сонда ғана экономикасы...

Қазақстан экономикалық тұрғыда даму үшін елге инвестиция тартып, зауыт-фабрикалар салып, ауыл шаруашылығын аяқтан нық тұрғызуы маңызды. Сонда ғана экономикасы әр тараптандырылған мемлекет бәсекеге қабілетті бола алады. Бәсекеге қабілетті елмен өзге республикалар санасып, тең дәрежеде іскерлік қарым-қатынас орнатқысы келеді. Әрине, ауыл шаруашылығында ең маңызды нәрсе – мал тұқымдары мен өсімдік сорттарын асылдандыру. Асылдандырылған мал мен өсімдік мол өнім береді. Осы мақсатта «Агробизнес 2020» бағдарламасы іске қосылып, көптеген тірліктер атқарылды. Соның бір айқын дәлелін Түркістанда көрді. Түркістанда дәстүрлі түрде өтетін «Ақ керуен» мақта терімі шарасы кезінде жоғары сапалы «түркістан» мақта сұрыбы шығарылғаны айтылып, жұртшылыққа таныстырылды. Осылайша, Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығында өткен жиынға келген қатысушылар, алдымен, мақта алқаптарын аралаудан бастады. 

Биология ғылымдарының докторы A.Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Әлиев сорттардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Ерекшелігі сол, бұл мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптағы мақтаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Яғни, «Түркістан» мақтасының талшығы 4-үлгіге жатады. Мақтаның бұл түрі тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Енді түркістандық кәсіпкерлер Оңтүстіктегі тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтуға толық кепілдік бере алады.Айта кетейік, түркістандық мақташылар биыл 17 мың тонна шитті мақта жинауға ниетті. Қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтың айтуынша, Түркістанда өткен жылы 3500 гектар жерге мақта егілсе, биыл бұл көрсеткіш 6600 гектарға ұлғайған. Міне, осылайша Түркістан мақтаны асылдандырып, елге өз еңбегін сіңіруде. 

rgmedia.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір