• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:15:06
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 Аймақтар

Астанаға Оңтүстіктің өнімдері аттанды

Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі...

Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай, өңірден Бас қалаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде оңтүстікқазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.

Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар. 

 Айта кетейік, егіншілікке жайлы Оңтсүтік Қазақстан облысында соңғы жылдары Үдемле индустряилық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырушы "" Агробизнес -2020  бағдарламасы мен қаржыландыру көзі болып табылатын "Ауылшаруашылығын қолдау қоры" арқылы жылыжайлар мен егіс алқаптары ұлғайған. Мемлекеттің қолдауын сезінген шаруалар күзде еңбектерінің жемісін көріп, мол өнім жинады. Сол өнімнің бір бөлігі Бас қалаға аттанды.  

Мұндағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн.теңгені құрайды. Елордада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы маңында 15-16 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам Оңтүстік өңірдің тауар өндірушілері  сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынбақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір