• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:01:39
Алматы
+35°

24 Қазан, 2016 Аймақтар

Ауыл шаруашылығы кооперативтері

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңы қолданысқа енгізілді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңы қолданысқа енгізілді.

Аталған заңның мақсаты ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтық жағдайын, олардың құрылу қызметі, қайта ұйымдастырылуы және таратылуы тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Әділет органдары туралы Заңға сәйкес әділет органдарының мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласындағы функцияларының аясында заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзуді әділет департаменті жүзеге асырады.Сондықтан, заңды тұлға ретінде ауыл шаруашылығы кооперативінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеу сәтінен басталады.

Ауыл шаруашылығы кооперативі коомерциялық ұйым болып табылады, оның азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға қажетті, оның қызметімен байланысты міндеттерді атқарады.

Және де ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметтің бір және (немесе) бірнеше түрлерімен айналысуға құқылы, бұл оның жарғысында көрсетіледі.        

Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің негізгі түрлері ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, қайта өңдеу, өткізу, сақтау, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау және кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне сервистік қызмет көрсетудің басқа да түрлері болып табылады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативін құру тәртібі ауыл шаруашылығы кооперативі құрылтай жиналысының   шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаларды ауыл шаруашылығы кооперативіне қайта құру жолымен құрылады. Ауыл шаруашылығы кооперативі кемінде үш құрылтайшының шешімі бойынша құрылады.

Жаңа Заң кооперативтердің қызметіне аудит жүргізуді бір ізге салды. Кооперативтердің мүшелері аудит жалдап, өз кооперативінің қызметін тексерте алады. Сонымен қатар, бұл заң шаруалардың табысын молайтады. Бұрынғы заңның мақсаты табыс емес, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға ғана бағытталса, бұл жаңа заң шаруалардың толағай табыс табуына мүмкіндік жасайды. Яғни, кооперативтердің ендігі мақсаты - табыс тауып, сол табысты кооператив мүшелері арасында бөліп бере алады. Болмаса, табысты тұтастай кооперативтің дамуына жұмсай алады.

Сондай-ақ, заң кооперативтерге таңдау жасауда еркіндік береді. Мысалы, бұрынғы заң жобаларында кооперативтердің қайсысы жарғылық қорға мол ақша салса, ол ұйым көбірек дауыс беретін еді. Ал қазіргі заңға сәйкес бір кооператив бір дауысқа ие. Оның жарғылық қорға салған ақшасына қарамай, өзгелермен құқығы теңестіріліп отырады, кооперативтердің қызметіне аудит жүргізу ісін бір ізге салған әрі шаруалардың табысын молайту үшін де осы құжаттың септігі көп тиеді екен. 

                                                     ОҚО Әділет департаментінің  заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы,

                                                                   «Заңгерлер одағы» ҚБ-ның мүшесі Б.Абдалиева

shymkala.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір