• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:11:47
+35°

25 Қазан, 2016 Аймақтар

Мал сою бекеті іске қосылады

Шымкент қаласындағы «Бозарық» шағынауданында бір гектарды құрайтын аумақта жаңа мал сою бекеті іске қосылмақ. Нәтижесінде, бұл бекетте тәулігіне...

Шымкент қаласындағы «Бозарық» шағынауданында бір гектарды құрайтын аумақта жаңа мал сою бекеті іске қосылмақ. Нәтижесінде, бұл бекетте тәулігіне 200-ден астам ұсақ малды союға мүмкіндік береді.

Бұл бекет жеке кәсіпкерлер есебінен салынуда. Естеріңізде болса, Дулати көшесіндегі жеке үйлерде мал союға тыйым салынып, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бұл кәсіптерін жалғастыру үшін қала аумағынан жер телімін бөлуге уәде берген еді. Бүгінде қаланың орталығында орналасқан үйлерде мал саудасы мен оны бауыздау кәсібін тоқтату туралы шешім қабылданды. Ендігі жерде қалалықтар заман талабына сай үлгіде салынған бекеттен мал алып, сол жерде сойдырып ала алады.
Расында мал сою бекеті санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес.

Айта кетейік, жақында Түркістан қаласында жаңа мал базары қолданысқаберілген болатын.Түркістан қаласында тағы да айтулы шара. Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында  қала тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Көптен бері шешімін таба алмай келе  жатқан түйткілді мәселе бүгін оң нәтижеге қол жеткізуде. Ол «Нұр-Әсем» мал базарының ашылуы. Ашылуға арнайы барып лентасын қиған қала әкімі базар ұжымына табыс тіледі. 

 Базар басшылығы-жеке кәсіпкер Әбсәмат Мәткәрімұлы стандартқа сай соңғы үлгідегі, ашылған бұл орында екі жүз адамды жұмыспен қамтитынын тілге тиек етті. Түркістан қаласы және ауылдық округтердің негізгі күнкөріс саласы мал мен егін шаруашылығы екені  белгілі.Жыл өткен сайын мал басының артуы  көңіл қуантады.Соның ішінде ІҚМ басы 81994 бас  106,5%-ға, қой-ешкі 437577 бас 104,5%-ға, жылқы 9983бас 108,5%-ға, түйе 2742 бас 105,4%-ға артты, шошқа 1089 бас, 82,4% құраған.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында мал басын асылдандыру саласы да ілгері дамып келеді.  Бүгінгі таңда ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Соның ішінде жеке кәсіпкерлікті қолдау.

shymkala.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір