• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Қазан, 02:31:40
Расул Жұмалы: Қандастардың «тау-тасты басып өттік» деуі қисынға келмейді

20 Қазан, 2016 Аймақтар

Отандық өнім – отаншылдықтың белгісі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес бүгін, Арыс...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес бүгін, Арыс қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен қаламыздағы «Ақниет», «Бақ-Нұр», «Жұлдыз», «Тәтті ертегі» сауда орталықтары мен «Тайма», «Europharma» дәріханаларында отандық өнімдерге арналған сөрелерге «Қазақстанда жасалған» афишалары ілініп, елімізде шығарылатын тауарлар орналастырылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отандық өнім өндіретін кәсіпорындарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шарада өз өнімімізге тұрғындар да қолдау білдіруде.  Қазақстанда өндірілген азық-түліктер мен тұрмыстық заттарды сатып алып, белсенділік танытуда.

Отандық тауарлардың бәсекелестерден артықшылығы оның бағасында ғана емес сапасында. Тікелей өндірушілерден  тауарлар тұтынушыларға мерзімінде жеткізіледі. Сауда орталықтарында «Қазақстанда жасалған» деген белгімен жұмыртқа, тауық еті, ет, сүт өнімдері, әр түрлі шырындар мен газды сусындар, кондитерлік өнімдерде кең сұранысқа ие болуда.

Мемлекет тарапынан жасалып отырған мұндай қолдау алдағы уақытта бәсекеге қабілетті отандық өндірушілердің әлемдік экономикадағы жаңаша қадамдарын айшықтай түседі.

«Қазақстанда жасалған» акциясын насихаттау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір