• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:25:12
Алматы
+35°

24 Қараша, 2016 NEWS

«МАРАТ ТОЛЫБАЕВ: «АЛМАТЫНЫ» ОРЫСША «АЛМА-АТА» ДЕУ ҚАЖЕТ»

ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің экс вице-министрі Марат Толыбаев өзінің

ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің экс вице-министрі Марат Толыбаев өзінің Facebook парақшасында қазақстандық қалалардың атауын орыс тілінде дұрыс жазуды ұсынды. Негізгі әңгіме оңтүстік астана жайлы болатын деп tengrinews.kz хабарлаған болатын. Қамшы порталы материалды қазақшаға аударып, қоғамдық өзекті мәселені оқырман талқысына салуды жөн көрді.

Экс-шенеуніктің ойынша «Алматы» әлде «Алма-ата» деп атау жайлы дау практикалық емес саяси мәнге ие болды. Шын мәнінде, мәселе граммикада.

«Егер қазақша сөйлесек, онда аталмыш сөздің қазақ тілінде жазылуына сәйкес «Алматы» деуіміз қажет. Ал, егер орысша сөйлессек, орыс тіліндегі сөзіміз орыс лексиконына сай болуы шарт. Орыс тілінде «Алма-Ата» деген сөз бар, көптеген ресейлік анықтамаларда қала дәл осылай аталады да. Бұл жерден ешқандай саяси, ұлттық астар іздеудің қажеттілігі жоқ»,-деп жазды Толыбаев.

Толыбаев тағы былай дейді: «Орыс тілінің «қолданушысы» да, «иесі» де орыс халқы, атап айтқанда Ресей мемлекеті болып табылады. Өз тілдерінде сөздерді қалай жазады өздері ғана шешеді. Біз ресейліктерді өз еліміздің қала атауларын қалауымыздай жаз деп мәжбүрлей алмаймыз».

«Бейджинді Пекин деуіміз қытайларға ұнамайтын шгығар. Бірақ олар бізге ешнәрсе айта алмайды. Париді Париж деп жүрген ресейліктерге француздар да айып тағып жатқан жоқ».

«Ресей Федерациясының астана атауын қазақ тілінде «Мәскеу» дейміз. Ресейліктер оған ренжіп, бас қаламызды «Москва» деп атаңдар, солай жазыңдар деп бүлік шығарған емес. Себебі қазақ тілінің иесі бізбіз. Қалай жазсақ та өз құқығымыз».

«Орыс тіліндегі мәтіндерде қала атауын қалай жазуды ресейлік ресми дереккөздерден қарауымыз қажет. Егер ол жерде «Алма-Ата» деп жазылса, біз де «Алма-Ата» деуіміз шартты».

«Бұл мәселе Қазақстанның басқа елді-мекен атауларына да қатысты. Орыс тіліндегі мәтіндерде Чимкент десек, қазақшада Шымкент десек қателеспейміз. Орысша Усть-Каменогорск десек, қазақша Өскемен, орысша Уральск десек, қазақша Орал деуіміз дұрыс. Бұл жай ғана екі тілдің грамматикасы», - деп ағынан жарылды Толыбаев мырза.

Марат Толыбаев 2013 жылдың желтоқсанында ҚР Ауылшаруашылық министрінің вице-министрі қызметінен кеткен болатын. Өзінің Facebook парақшасында ара-тұра осылай ой қозғап отырады. Жақында ғана ол көп әйелді алу мәселесін заңдастырумен қатар қазақша есімдерді жазуда жаңа ереже енгізуді ұсынғанын естеріңізге салайық.
 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір