• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 01:19:52
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

26 Қазан, 2016 Аймақтар

Оңтүстік Қазақстанда жылына 110 мың тонна ет өндiрiледi

Соңғы статистика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың барлық санатында 921434 iрi қара бар. Санды нақтылай түссек, осыншама iрi қараның 26,6...

Соңғы статистика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың барлық санатында 921434 iрi қара бар. Санды нақтылай түссек, осыншама iрi қараның 26,6 мыңы ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының, 64,9 мыңы шаруа және фермерлiк қожалықтарының, ал, қалған 829 мыңы халықтың үлесiне тиесiлi.

Облыста жылына 110 мың тонна ет өндiрiледi. Оның 48 мың тоннасы – сиыр етi. Бiр адамға еттен жылдық қажеттiлiк 38 келiнi, соның iшiнде iрi қара мал етi 15,5 келiнi құрайды. Бiзде жылына 2840 мың адам 44 мың тонна iрi қара мал етiн тұтынады. Биыл 107 тонна ет шетелге экспортталды. Келешекте экспорт көлемiн 2 мың тоннаға дейiн жеткiзу көзделуде.

Мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде 2014-2015 жылдары 9999 жоба iске асырылды. Осылардың iшiнде 4,8 мың жобаны жүзеге асыруға 12,2 млрд. теңге жұмсалды. Бұл жобалардың арқасында 8102 шағын мал бордақылау алаңы, 1768 отбасылық сүт фермасы, 104 сүт қабылдау бекетi, 25 СТК құрылды. Нәтижесiнде 12,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, 63,3 мың тонна ет, 68,1 мың тонна сүт өндiрiлуде. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында қосымша 1999 мал бордақылау алаңы, 517 отбасылық сүт фермасы ашылды. Шаруашылықтың барлық санатында 508394 мың тонна сүт өндiрiлдi.

 Оразтай ҮСIПБАЕВ, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру бөлiмiнiң бас маманы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір