• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:50:15
Алматы
+35°

26 Қазан, 2016 Аймақтар

ОҚО-да жылына 710,6 мың тонна сүт өндіріледі

Оңтүстік Қазақстан  облысы жылына 738,4 мың тонна сүт және сүт өнiмдерi қажет болса, бүгiнгi таңда бұл өнiмдерден нақты өндiрiлетiнi – 710,6 мың...

Оңтүстік Қазақстан  облысы жылына 738,4 мың тонна сүт және сүт өнiмдерi қажет болса, бүгiнгi таңда бұл өнiмдерден нақты өндiрiлетiнi – 710,6 мың тонна. Яғни, сұраныстың 96 пайызын өзiмiз жауып отырмыз. Өңiрде iрi, орта және шағын сүт өндiрушi 61 агроқұрылым жұмыс iстеуде. Соның iшiнде iрiлерi – алтау. Арыс қаласында орналасқан «Қазына жер LTD» ЖШС 2013 жылы Канададан 389 Голштин тұқымды сүттi iрi қара мал сатып алады. Бүгiнде мал саны 890 басқа жеттi. Оның 670-i – аналық. Әр сауын сиырдан орташа 25 литрден сүт алынуда. Венгриядан дәл осы тұқымдас 272 сиыр сатып алған Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» ЖШС жаңа технология бойынша әр сиырдан орта есеппен 30 литрден сүт алуда. Сол секiлдi сарыағаштық «Фирма Сәкен» ЖШС-нiң Голштин тұқымды 510 сиырының әрбiрi 26 литрден сүт беруде. Ал, Сайрамдағы «Гүлжәмила» ЖШС, Түлкiбастағы «Дос би» ЖШС және Төлеби ауданындағы «Атамекен НАН» ЖШС-iнде әрбiр сауын сиырдан сауылатын сүт мөлшерi орта есеппен – 15 литр.

 300-дей сауын сиыр ұстайтын орташа сүт фермаларынан «Олжа Құрбанов» ӨК, «Нурамидин ата» ШҚ, «Манкент-Строй» ШҚ, «Узбекова» ШҚ және «Ақ алтын береке» ЖШС-iн атауға болады. Бұл шаруашылықтарда әр сиырдан алынатын сүттiң көлемi 10-12 литрдi құрайды. Облыста сиыр саны 50-100-ге дейiн жететiн 50 шағын сүт фермасы бар. «Мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары» аясында өңiрде отбасылық сүт аулалары құрылған. Бүгiнде олардың саны 1762-ге жеттi. Осы шаруашылықтарда 14 мың сиыр бағылуда. Деректер бойынша отбасылық сүт аулалары арқылы 35 мың тонна сүт өндiрiлген.

Жоғарыда аталған iрi, орта және шағын сүт фермаларында өндiрiлген сүттiң әрбiр келiсiне 10 теңгеден субсидия төлендi. Ал, биыл «Қазына жер LTD» ЖШС-не ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң субсидиялау туралы ережесi мен талаптарына сәйкес өндiрген әрбiр сүттiң литрiне 25 теңгеден субсидия берiлдi.

Оразтай ҮСIПБАЕВ, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру бөлiмiнiң бас маманы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір