• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:43:08
Алматы
+35°

26 Қазан, 2016 Аймақтар

Сүт өндiру мәселесiне қатысты ұсыныстар

Сүт өндiру мәселесiне қатысты бiрнеше ұсынысым бар. Алдымен айтарым, сүтке төленетiн 10 теңге субсидия шаруалардың шығынын толық өтей алмайды. Ұсынысқа келер...

Сүт өндiру мәселесiне қатысты бiрнеше ұсынысым бар. Алдымен айтарым, сүтке төленетiн 10 теңге субсидия шаруалардың шығынын толық өтей алмайды. Ұсынысқа келер болсам, негiзiнде iрi қараның аналығына тұқымдық түрлендiру мақсатында селекциялық жұмыстар жүргiзгендерге субсидия төленедi. Алайда, оның көлемiн қазiргi 18 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейiн көтеру қажет. Сонда ғана мал тұқымының сапасы жақсара түседi деген сенiмдемiн. Бүгiнде 30464 асыл тұқымды iрi қара мемлекеттiк тiркеуге алынған. Оның 2645-i – сүттi, 3983-i – еттi iрi қара.

Генетикалық тәсiлдердi ұтымды пайдаланудың арқасында соңғы уақытта жергiлiктi iрi қараның тұқымдық қасиетi жоғарылап, сүт өнiмдiлiгi артты. Асыл тұқымды мал өсiру мен азықтандыру iсi де жақсара түстi. Бұрын шетелден әкелiнген асыл тұқымды малға құнарлы жемшөп дұрыс дайындалмайтын, бақташылар тапшы болатын. Осындай кемшiлiктердiң салдарынан ет, сүт бойынша олардың өнiмдiлiгi күрт төмендеп кеттi. Алайда, уақытында қолға алынған iс-шаралардың арқасында бүгiнде жағдай бiршама оңалып қалды. Десек те, алдағы уақытта әлгiндей олқылықтар қайта орын алмауы үшiн iрi қараның азықтық сапасын арттыру, асыл тұқымдық селекциялық жұмыстарды жақсарту, заманауи құрал-жабдықтар мен техникаларды қолдану және малды зоотехникалық талаптарға сай күтiп-бағу керек.

Адамның күнделiктi тағамдық рационында сүт өнiмдерi маңызды орын алады. Жоғарыда айтқанымыздай, сүт өндiрiсi облыста қарқынды даму үстiнде. Әйткенмен, саланың өркендеуiне кедергi болып отырған жәйттер де жоқ емес. Солардың бiрсыпырасына тоқталып өтсек, олар ұйымдастыру және басқару жұмыстарының әлсiздiгi, мамандардың, әсiресе, жас кадрлардың тапшылығы, өндiрiстiк жер ресурстарының жеткiлiксiздiгi, жемшөп қорының әлсiздiгi, техниканың ескiлiгi және жаңа технологияларды қолдану деңгейiнiң төмендiгi дер едiм. Сонымен қатар, инвестицияның тиiстi мөлшерде тартылмауы және отандық тауарларды насихаттауда белсендiлiктiң төмендiгi де көп iске қолбайлау болып отыр.

Оразтай ҮСIПБАЕВ, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру бөлiмiнiң бас маманы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір