• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:30:48
Алматы
+35°

26 Қазан, 2016 Аймақтар

Сүт өндiру дамып келеді

Облысымызда сүт өндiру және өңдеу саласы жылдан-жылға дамып келедi. Мәселен, Төлеби ауданындағы «Фудмастер» зауытының қосымша 20 мың тонна сүт...

Облысымызда сүт өндiру және өңдеу саласы жылдан-жылға дамып келедi. Мәселен, Төлеби ауданындағы «Фудмастер» зауытының қосымша 20 мың тонна сүт қабылдауға қуаттылығы жетедi. Түлкiбастықтар да сүт өңдеуге талаптанып жатыр. Ал, Қазығұртта сүт ұнтақтарын өндiруге арналған жоба мақұлданған. Олар жаңа технологиямен жабдықталған зауытты iске қоспақ. Сайрам ауданы да – сүт бұлағы. Олар да бұл саланы дамытуды көздеп отыр.

«Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағында тоқыма саласы барынша қарқын алып келедi. Фабрикаларға шикiзат керек. Сол үшiн де Мақтаарал ауданында мақта шаруашылығын қайта қолға алуды облыс басшысы мiндет етiп қойды. Қазiр қолда бар мақтаның 30 пайызын жергiлiктi тоқыма фабрикалары алып жатыр. Жалпы, аймақта тоқыма саласы жан-жақты өркендемек. Ендеше, жаңа тоқыма фабрикаларына шикiзат сырттан тасымалданбауы тиiс. Мақта егiстiгiнiң көлемiн ұлғайту бағытындағы өңiр басшысының тапсырмасы осыған негiзделген. Биыл 2,5-3 миллиард теңге мақта шаруашылығына бағытталмақ. Су, техника, тұқымдық шит мәселелерi де рет-ретiмен шешiмiн таппақ.+

Шардара, Отырар аудандары мен Түркiстан, Арыс қалалары жүгерi мен көкөнiс өсiруге қолайлы. Сондықтан осы аймақтарда жаңадан 80 мың гектар жер айналымға қосылады. 20 мың гектардан астам жердiң су жүйелерi жаңғыртылады. Мал азығына деген сұраныс қай кезеңде де өзектi. Осы сұранысты өтеу мақсатында Отырар ауданында қосымша жүгерi өңдеу және сақтау зауыты салынады.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, «Оңтүстiк Қазақстан» газеті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір