• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Қазан, 02:18:30
Расул Жұмалы: Қандастардың «тау-тасты басып өттік» деуі қисынға келмейді

26 Қазан, 2016 Аймақтар

Оңтүстіктегі түйе өсіруге қолайлы аймақтар

Созақ, Отырар, Шардара аудандары түлiк төресi – түйе өсiруге қолайлы. Бiрақ та бүгiнде түйе сүтi мен жүнiне, етiне сұраныс аз. Сондықтан түйе шаруашылығы...

Созақ, Отырар, Шардара аудандары түлiк төресi – түйе өсiруге қолайлы. Бiрақ та бүгiнде түйе сүтi мен жүнiне, етiне сұраныс аз. Сондықтан түйе шаруашылығы ойдағыдай дамымай отыр. Отырар ауданында түйе сүтiн өңдейтiн цех бiраз жылдан берi жұмыс iстеп тұр. Түркiстан индустриалды аймағында түйе сүтiн өңдеу зауытын салу көзделуде. Созақ, Отырар аудандары мен Арыс, Түркiстан қалаларынан түйе сүтiн жинайтын пункттер ашылмақ. Жаңа жоба аясында келер жылдары түйе жүнi мен етiн өңдеу өндiрiстерi де ескерiледi. Облыс басшысы Бейбiт Бәкiрұлы аймақтардың басым бағыттарын егжей-тегжейлi сараптай келе, ауыл шаруашылығы саласына осындай мiндеттер жүктедi.

Иә, өңдеу өндiрiсi өркендесе, өнiмдi өткiзу де өрiстейдi екен. Ендеше, облысымыздағы дәл қазiргi бiрiншi кезекте iске асырар мiндет те осы.

2016-2020 жылдар аралығында сүт өндiру көлемiн жылына 739 мың тоннадан 832 мың тоннаға дейiн арттыру жоспарланған. Бүгiнде өңiрiмiзде жылына 130100 тоннаға дейiн сүт өңдейтiн зауыттар жұмыс iстейдi. Сүт өңдеу кәсiпорындарының қуаттылығы қосымша 8995 тоннаға артып отыр. Әйтсе де, сүттiң 26,8 пайызы ғана (188165 тонна) өңделгенiн ескерсек, бұл бағытта әлi де күрделi мәселелер күтiп тұрғаны белгiлi.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, «Оңтүстiк Қазақстан» газеті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір