• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:35:43
Алматы
+35°

29 Қазан, 2016 Аймақтар

Қазығұртта ірі қара мал саны 64 880 басқа жеткен

Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев мәлімдеді.

Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев мәлімдеді.

Тәуелсіздік жылдары ірі қара мал саны 64 880 басқа жетіп, 1,5 есеге, қой-ешкі саны 356 843 басқа жетіп, 1,3 есеге, жылқы саны 28 331 басқа жетіп, 2,2 есеге өскен.

Бүгінгі күнге ауданда 569 ірі қара мал бордақылау алаңдарында 9023 бас мал бордақыланып, 13015 тонна ет өндірілді. Ет өнімі 13 015 тоннаға жетіп, 1,3 есеге, сүт өнімі 43 488,7 тоннаға жетіп, 1,2 есеге өскен.

Жалпы, құрылыс саласы бойынша 2001-2016 жылдар аралығында 18,3 млрд. теңгеге 131 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауданда Тәуелсіздік жылдары 32 мектеп, 7 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 аудандық аурухана мен емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 ауылдық емхана, 1 ауылдық аурухана ғимараты, 9 фельдшерлік-акушерлік және 9 медициналық тіректер салынған.

Газдандыру жұмыстары бойынша 64 елді мекеннің бүгінгі таңға 26 немесе 40 пайызы табиғи газбен қамтылған. Қазіргі таңда құрылысы аяқталған 16 елді мекенге табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша 42 елді мекен табиғи газбен қамтылып, 65,6 пайызды құрайтын болатының айтқан аудан басшысы алдағы уақытта бұдан да ауқымды жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

                

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір