• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:42:42
Алматы
+35°

15 Қазан, 2016 Аймақтар

ҚАЗАН АЙЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАУ-КЕН КОНГРЕСІН ӨТКІЗУ ЭСТАФЕТАСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

2016 жылдың қазан айында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі және XXIV World Mining Congress & Expo 2016 (WMC) тау-кен...

2016 жылдың қазан айында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі және XXIV World Mining Congress & Expo 2016 (WMC) тау-кен өнеркәсібі үшін мамандандырылған технологиялар мен жабдықтар көрмесі өтеді. Аталмыш шараға әлемнің түпкір-түпкірінен 4500-ден астам маман қатысады, деп хабарлайды Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің баспасөз қызметі.

Іс-шара аясында 2018 жылы Астанада Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізу құқығының эстафетасын салтанатты түрде Қазақстанға тапсыру рәсімі болады. Қазақстан делегациясының құрамына мемлекеттік құрылым мен ірі тау-кен металлургиялық кешен компанияларының өкілдері кіреді.

«2018 жылы Қазақстанда Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізу еліміздің тау-кен саласы бойынша инвестициялық әлеуетін айшықтауға, әлемдік және бастауыш компанияларды тартуға мүмкіндік береді. Астанада осыған дейін жеті рет тау-кен металлургиялық конгресін өткіздік. Бізде үлкен масштабта халықаралық іс-шара ұйымдастыру тұрғысынан мол тәжірибе бар»,-деді ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары – 2018 жылы ДТК Ұлттық ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары А.Рау.

Қазақстандық делегация әлемдік тау-кен өндіру компанияларының, тау-кен институттары мен университеттерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізетін болады. Онда ғылыми саладағы өзара іс-қимылдар мен бірлескен жобалардың жайы талқыланады. Сонымен қатар, Қазақстанның Тау-кен металлургиялық әлеуетін таныстырып, 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізу кезеңдеріне дайындық мәселелерін талқылайтын жабық жиын өтеді.

Бұдан бөлек, қазақстандық делегацияның Рио-де-Жанейроға барғандағы мақсаттарының бірі халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанға әлемдік тау-кен бизнесі мен ғылымын тарту болып табылады. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы Монреалда Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің 23-і отырысы өткен болатын (World Mining Congress 2013).  Ол кезде Қазақстан Республикасының өтініші ретінде күн тәртібіндегі бір мәселе 2018 жылы Астанада 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізу болатын. Конгресті ұйымдастыру комитетінің мүшелері бірауыздан Қазақстанның өтінішіне қолдау білдіріп, дауыс берді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір