• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:16:57
Алматы
+35°

20 Қазан, 2016 Аймақтар

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері...

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Министр Жеңіс Қасымбектің қоғамдық қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары көбінесе өмірдің түрлі салаларына инновациялық технологияны енгізу мәселелеріне байланысты болды. Бұдан бөлек, Астана тұрғындары мен басқа облыстың өкілдері министрге бейне конференциялық байланыс арқылы өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Астана қаласында Балалар неврологиялық орталығын құру жобасын жүзеге асыруға грант пен технология трансфертін алу мәселесі бойынша министрге «Varus trade» компаниясының бас директоры Айгүл Абдуалива жүгінді. Оның айтуынша, аталмыш жоба неврологиялық дертке шалдыққан балаларды алдын-ала диагностикадан өткізуге, балалардың біріңғай дерекқорын құруға, сонымен қатар, клиника персоналын тұрақты түрде оқыту мақсатында құрылатын болады. Жоба құны шамамен 400 млн. теңгені құрайды.

Тағы бір инновациялық жобаның авторы – Жамбыл облысының тұрғыны Тұрғамбек Қыпшақбаев министрден өз туындысын енгізу бойынша көмек сұрады. Оның сөзінше, оның инновациялық жылыту қазандығы бүгінгі қазандықтардағыдай емес, жылушығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. Аталмыш жүйе экологиялық тұрғыдан және көмір отынын пайдаланатын кәдімгі қазандықтардан едәуір тиімді. 

Астаналық тұрғын Гүлжиян Оразалинова авторлық ЭКГ нәтижесін қашықтықтан жеткізу жүйесін – ЭКГ телеметрициялық жүйесін сериялы өндірісін шығаруға көмектесуін сұрады. Цифрлы телеметрициялық кардиографаларды шығарушы автордың айтуынша, ғылыми шығарма ретінде Еуропалық сертификатқа ие болған. Аталмыш жүйе Қарағанды облысының ауруханалары мен емханаларындағы сынақтардан сәтті өтіп, сапасы мен тиімділігінің жоғарылығын дәлелдеген.

Ж.Қасымбек өзіне жүгінген барлық жобалар мен идея авторларын мұқият тыңдап, технологиялық және инновациялық даму департаментінің директорына тапсырма берді. Департамент директорына жобаларды толық меңгеріп, авторлардың тиісті грант алу байқауына қатысуларына көмектесуін жүктеді. Сонымен қатар, бұл мәселелер өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.

Министр ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бүгінгі таңда инновациялық грант бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылатынын атап өтті.

«Индустриалды даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында біз әсіресе, жаңа технология трансферті мен инновациялық шешімдер арқылы жаңа жобаларды, жаңа зауыттар мен кәсіпорындарды құрамыз. Жаңа кәсіпорындар тек жұмыс орныдарын құрып қана қоймай, 10-15 жылдан кейін бәсекеге қабілетті болғандарын қалаймыз»,-деді министр Жеңіс Қасымбек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір