• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:13:51
Алматы
+35°

22 Қазан, 2016 Аймақтар

ҚАЗАҚСТАН МЕН АВСТРИЯ СТАНДАРТТАУ САЛАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Венада (Австрия Республикасы) экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғат қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі...

Венада (Австрия Республикасы) экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғат қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 7-отырысы өтті. Онда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Австрия Стандарттау институты арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжат Қазақстан экономикасының басым салаларын стандарттауды дамытуға Австрия тарапының қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Тараптардың айтуынша, Стандарттау саласындағы ынтымақтастық экономикалық қатынасты дамытудың және саудадағы техникалық кедергілерді алып тастаудың басты құралы болып табылады.

Сондай-ақ, тараптар Меморандумды орындауға арналған Жол картасы жобасын келісті. Онда техникалық сарапшыларға оқу бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен семинарларды өткізу және стандарттау саласында тәжірибе алмасу, оның ішінде құрылыс, қызмет қөрсету, қызметкерлер құрамын сертификаттау, жаңғыртылатын энергия көздері және т.б. бағыттар бойынша өзара ынтымақтастық мүдделері анықталды.

Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссияның отырысына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко және Австрияның Ғылым, зерттеу және экономика министрінің орынбасары М. Гирлингер, сонымен бірге ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК өкілдері қатысты.

Сонымен бірге, комиссия отырысында ауыл шаруашылығы, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық ғарыш, денсаулық сақтау, аймақаралық ынтымақтастық  және т.б. мәселелер талқыланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір