• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:44:42
Алматы
+35°

26 Қазан, 2016 Аймақтар

ТАЯУ ЖЫЛДАРЫ 6000 КМ АВТОЖОЛ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

2016 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында вице-министр Б.Камалиев, сондай-ақ, Азаматтық авиация...

2016 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында вице-министр Б.Камалиев, сондай-ақ, Азаматтық авиация және Көлік комитеттерінің төрағалары Б.Сейдахметов және А.Асаубаевтың қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.

Спикерлер журналистерге «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың аралық нәтижелері, сонымен бірге, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту бойынша министрліктің атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Биыл 9 айда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қайта жаңғыртылып жатқан жолдардағы жоспарланған құрылыс жұмыстарының 75%-ы аяқталды. Жер төсемдерінің құрылысы, негізгі қабат жабдықтарын төсеу, жасанды ғимараттар мен көпірлердегі жұмыстар орындалды.

Учаскелерде 756 шақырымға асфальтті және цемент бетонды жабындар төселді. Шамамен 3 млн. тонна қиыршық тас, 250 мың тонна цемент, 125 мың тонна битум пайдаланылды. Бұлар отандық өнімдер. Бұл жұмыстарға 75 мың адам, 30-дан астам мердігер ұйым жұмылдырылды. Олардың 20-сы отандық компания.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл соңында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі қозғалысын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай-Талдықорған, Бейнеу-Шетпе және Көкшетау-Петропавл бағыттары да ашылады.

«Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Алматы-Өскемен, Астана-Петропавл-Ресей Федерациясының шекарасы, Орал-Каменка, Ұзынағаш-Отар, Жетібай-Жаңаөзен жобаларындағы жұмыстар жалғасатын болады. Жалпы 6000 шақырымға жуық жолды қайта жаңғырту жоспарланып отыр», - деп атап өтті Б.Камалиев.

Сонымен бірге, министрлік әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялаудың жаңа механизмін енгізді. Тиісті Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2016 жылы 9 сәуірде қол қойды.

Жаңа механизм субсидиялау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және теміржол жолаушылар тасымалы саласына инвестиция тартуға бағытталған. Сондай-ақ, жолаушылар тасымалын орташа 15-20 жылға ұзақмерзімді қаржыландыру көзделіп отыр. Бұл заемдық қаржылар жолаушылар вагонын сатып алуға инвестиция тартуға және жаңа технологияларды кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, жолаушылар тасымалы сапасын арттыруды қамтамасыз ететін болады.

Министрлік отандық және халықаралық автомобиль тасымалы саласын арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. 2016 жылы автобус паркін 10% жаңарту көзделуде және халықаралық нарықта қазақстандық тасымал үлесін 43% дейін ұлғайту жоспарлануда.

Бұдан бөлек, ҚР ИДМ қазіргі уақытта Астана әуежайының жолаушылар терминалын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Биыл жыл соңына дейін Петропавл қаласы әуежайының әуевокзалы мен ұшу-қону жолақтарын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау көзделуде. 2017 жылдың басында Семей әуежайындағы ұшу-қону жолақтарын қайта жаңғырту жоспарланып отыр. 2020 жылдың соңына дейін Қостанай мен Өскемен әуежайларының ұшу-қону жолақтары  қайта жаңғыртылады.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Алматыда халықаралық авиациялық хаб құру бойынша жұмыстар жүруде. Осы жұмыстар шеңберінде жаңа әуежай құрылысы арқылы әлеуетті инвесторларды тарту көзделуде.

Сондай-ақ, Ұлт жоспарының 73-қадамын орындау шеңберінде астананың халықаралық қаржы орталықтарымен байланысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Астанадан 5 халықаралық қаржы орталығына тікелей ұшу орындалады  (Франкфурт, Лондон, Дубай, Гонконг, Сеул). Сондай-ақ, Вена, Париж, Абу-Даби, Пекин, Стамбул, Үрімші, Бангкок, Шарджа, Минск, Мәскеу, Баку, Ташкент, Киев, Бішкек, Тбилиси және т.б. қалаларға тікелей рейстер жүзеге асырылады. 2017-2020 жылдары Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йоркпен әуе қатынастарын ашу жоспарланып отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір