• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:48:36
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 Аймақтар

2016 ЖЫЛҒЫ 27 ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Дөңгелек үстелге ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердіоңғаров, ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев,...

Дөңгелек үстелге ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердіоңғаров, ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев, Астана туризм қауымдастығының өкілі Өмірзақ Юсупов және еліміздегі туристік саланың басқа да өкілдері қатысты.

Қатысушылардың айтуынша, бүгінгі таңда туризмнің елдің ЖІӨ үлесі шамамен 0,9% құрайды. Мемлекеттік қолдау саланы тұрақты дамытуда аса қажетті жағдай болып табылады. Туристік инфрақұрылымды дамытып, жеке инвесторлар тартуға қолайлы жағдай жасау үшін, сонымен бірге, туристік индустрия субъектілері қызметін қолайлы экономикалық жағдаймен қамтамасыз ететін құқықтық-нормативтік база қалыптастыруда мемлекеттік саясатты белсенді жүргізу қажет, дейді жиналғандар.

ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, қазір елімізде ішкі туризмнің қарқынды дамуы байқалуда. Туризмнің негізгі үлесін ішкі туристер және халықаралық іскерлік сапарлар құрап отыр.

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша, Қазақстан туризм бәсекелестігі рейтингінде әлемнің 140 елінің ішінде 85-ші орында. Министрлік жыл сайын халықаралық және екі қазақстандық көрмеге қатысып, еліміздің туристік әлеуетін насихаттауда.

ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры М.Игалиев атап өткендей, 2017 жылы Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада және «Астана-ЭКСПО 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі сияқты ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Аталған шаралардың нәтижесінде әлемнің Қазақстанға деген қызығушылығы артады деген үміт бар.

ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне туристер тарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Министрлік мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесіп, Астанаға және ЭКСПО-2017-ге келетін негізгі туристік бағыттарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. 73 бағыттың реестрі әзірленді. Қазіргі уақытта аймақтар бағыттарды таныстыру және жарнамалық-полиграфиялық өнімдер шығарумен белсенді айналысуда.

Сонымен қатар, Астана мен басқа қалаларда көліктің қолжетімділігі қарастырылуда. ЭКСПО-2017 басталғанға дейін мүмкіндігі жылына 7 млн. жолаушыны өткізуге қауқарлы Астана қаласының жаңа әуежай терминалы салынатын болады. Сонымен бірге негізгі туристік бағыттарды қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қарастырылып отыр (жол бойындағы инфрақұрылым, аудиогидтер, туристік нысандарға апаратын жолдарды қайта жаңғырту).

Сондай-ақ, Қазақстан Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Тайланд Корольдігі сияқты елдер үшін «туристік донор» болып табылады. Қытай туристерінің келуін ұлғайту мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында Министрлік «Қытай туристері үшін жеңілдетілген топтық виза туралы» ADS меморандумын бекіткен болатын (Approved Destination Status).

Биыл 21 қазанда ҚР Үкіметінің  «Сыртқа шығу туризмі саласында азаматтардың құқығына кепілдік беру жүйесін іске қосу Ережесін бекіту туралы» Қаулысы бекітілген болатын.

Аталмыш жүйеде келесі мәселелердің реттелуі қарастырылған: туроператорлардың расталған қаржылық жағдайлары, шет елдерде Қазақстан туристеріне шұғыл жағдайларда көмек көрсете алу мүмкіндіктері, нарық мониторингі мен құзыретті органдарға ақпарат беру, туристер үшін сенім телефонын қосу, туркомпаниялар мен туристерге кеңес беру.   

Банктік кепілдігі сомаларының мөлшері келесідегідей анықталды. Туроператорлар үшін – 5 000 АЕК немесе 10 605 000 теңге, әуе кемесін жалдаушы-туроператор үшін – 15 000 АЕК немесе 31 815 000 теңге. Қазақстан Республикасының азаматына турагент арқылы сатылатын әрбір туристік өнімнен аударылған – 0,5 АЕК немесе 1 061 теңге сомасында болады. 

 

Анықтама.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша ішкі туристер 5,8%-ға артты немесе 2,1 млн. адамды құрады. (2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ішкі туристер саны 4,1 млн. адамды құраған)

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында курортты аймақтарға 217,1 мың ішкі және 5 мың сырттан келген турист барған. (2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында курортты аймақтарға 521 мың ішкі және 9 мың сырттан келген турист барған.)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір