25 Қараша, 2016 NEWS

RUECONOMICS.RU: «Екінші Назарбаев болмайды: эксперттер Қазақстандағы билік кімге ауысуы мүмкін екендігі жайында» - Қазақстандағы билік мұрагерлік қумайды. Бұл туралы ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтты. Назарбаевтың сөзіне сенсек, мұндай вариант Конституцияға заңына қайшы келеді. Ол болса заңға қарсы келе алмайды.
CA-PORTAL.RU: «Назарбаев қоласы – ертеңгі күннің талқсына қалдырсақ қайтеді?» - Қазақстанда біп аптаның ішінде президенттің тұлғалық культын қалыптастыруға арналған 5 нақты қадам жасалды.
INOZPRESS.KG: «Қазақстанда тағы бір медиабизнесмен темір торға тоғытылды» - 16 қараша күні Алматыда Radiotochka.kz мен Central Asia Monitor қоғамдық-саяси онлайн басылымдардың директоры Бигелді Ғабдуллин қамауға алынды.
STANRADAR.COM: «Ресми уәкілетсіз шетелдік телеарналар Қазақстанда ақпарат тарата алмайды» - 2017 жылдан бастап ҚР аясында ақпарат тарататын барлық шетелдік телевизиялық арналар арнайы ресми уәкілет алуға міндеттеледі.
CA-PORTAL.RU: «Исламдық экстремизммен Қазақстанда қалай күресуде?» - 2016 жылы Ақтөбе, Балқаш, Алматыда болған лаңкестіктерден кейін Қазқастанда экстремизммен күрес жұмысы қайта жанданды.
«Жаңа Жібек жолындағы мемлекеттер арасындағы тауар айналымы өсуде» - Қазақстанның, Әзербайжанның, Иранның теңіз айлақтары ынтымақтастықты нығайтуда. Тауар байланысының кеңге жаюына әкімшілік кедергілердің азаюы әрі кедендік тексерістің жеңілдетілуі әсер етеді.
CA-NEWS.ORG: «ОА елдері қазақ операторларынан 3000% үстеме бағамен интернетті сатып алуда» - «Географиялық шалғайлықтан және аймақ төңірегіндегі күрделі геосаяси жағдайға байланысты ОА-ның 4 мемлекеті интернетке кіруге мүмкіндік алу үшін бір көзге байланып отыр. Нәтижесінде аймақтағы интернет баға әлемдегі ең қымбат баға болып есептелінеді.
REGNUM.RU: «Қырғыздық БАҚ Қазақстанмен шекарадағы жағдайды «Концлагерьмен» теңестірді»- Қырғыздар қазақстандық шекарашылардың жұмыс істеу сапасының төмендігі мен дөрекелігі, мәдениетсіздігіне шағымдануда.
RITMEURASIA.ORG: «Қазақстан менен Өзбекстан әскерилері экстремизммен күрес мәселесін талқылады» - Қазақстанның қорғаныс мекемесінің баспасөз қызметі ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Бас штабының Бас басқармасының жетекшісі Фарход Шерматов Астанада келіссөз ұйымдастырды деп хабарлады.
TAZABEK.KG: «Қазақстанның шекара аймағында ветбақылауды алып тастауы мен теміржол тарифтерінің унификациялануы елдегі ең өзекті мәселе болып тұр» - Экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбаков 24 қарашада өткен «ЕАЭС бостандығының төрт деңгейі: тауар, жұмыс күші, қызмет пен капитал қозғалысы» атты конференциясында Қазақстанның шекара аймағында ветбақылауды алып тастауы мен теміржол тарифтерінің унификациялануы елдегі ең өзекті мәселе болып тұр деді.
Материалдың түпнұсқасы: http://forbes.kz/massmedia/vtorogo_nazarbaeva_ne_budet?utm_source=dlvr.it&utm_medium=twitter
Аударған: Жазира Байдалы
Шымкентте туған Қостанайдың қызы. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің журфагының түлегі. Астанадан Алматыға "Айтуға оңай" үшін ұшып келген қыз. Алаш-орданың 100 жылдығына орай "Ақ жол" партиясы табыстаған арнайы медальдің иегері. Жер жарған атақ-даңқы жоқ, әзірге..)
Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір