• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:49:55
Алматы
+35°

 

          Көп жылдар бойы мақта өнеркәсібінде бригаданы жетекшілік еткен еңбек ардагерімін. Осы орайда өндірісті дамыту хақындағы өз ойыммен бөліссем деп едім. Сондықтан ұққаным, мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулердi дамыту, отандық бәсекеге қабiлеттi мақтаның жаңа сорттарын шығару, жалпы мақта өндiрудiң тиiмдiлiгiн инновациялық технологияларды өндiрiске ендiру арқылы арттыру мақсатында біраз жетістіктерге жеттік.

          Алайда түсінгенім, жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу фермерлердiң арнайы бiлiмi жеткiлiктi болғанда ғана жақсы нәтиже бередi. Өкiнiшке қарай, әрбiр 100 фермердiң 13-iнде ғана арнайы орта және жоғары бiлiмi бар, бұл өте төмен көрсеткiш. Осы проблеманы шешу мақсатында Қазақ Ұлттық аграрлық университетi басшылығы және мамандарымен тығыз байланыста жұмыс жүргiзіліп келеді. Осы жұмыстар бұдан да үлкен ілгерілеу ласа деген ой бар.  Бiлiктi мамандармен бiрлесiп атқарған жұмыс барлық уақытта жақсы нәтиже беретiнi белгiлi, сондықтан елiмiздегi мақта өндiру, оны терең өңдеп экспортқа шығару қолымыздан келетiн жұмыс деп есептеймiн.

          Ал енді шетелдiк мақта сатып алатын трейдерлер елiмiзде босқа жүрмегенi белгiлi. Егер шетелдiк трейдерлер бiздiң елiмiзден «олжалап» жатқан миллиондаған пайданы табумен өз елiмiздегi iрi бизнес өкiлдерi, кәсiпкерлер айналысып, қыруар қаржы өз елiмiзде қалар едi ғой.

          Мақта өнеркәсібі біздің елде екiншi валюталық дақыл болғандықтан, Үкiмет қаулысымен бидай сияқты стратегиялық дақылдар қатарына енсе, «ақ алтынға» деген көзқарас өзгеретін еді ғой.  Ал, мақтаға көзқарас дұрыс болса, саладағы бiрқатар проблемалар өзiнен-өзi шешiлiп кетерi сөзсiз. Мақта – елiмiздегi үлкен табыс әкелетiн 100 жылдық тарихы бар дақылдардың бiрi. Сондықтан осы саладағы мәселелердi бiрлесiп жүйеге түсiрсек қана мол өнiмге қол жеткiземiз.

Советбек Қанапияұлы, «Оңтүстік Қазақстан» газеті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір