• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қазан, 23:50:18
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

27 Қазан, 2016 Аймақтар

Ордабасының ауылшаруашылығында өрлеу бар

 

 

          Ордабасы ауданы ауыл шаруашылығы саласында үлкен ілгерілеулер көрсетіп, жақсы жетістіктерге жетіп отыр. Ордабасы ауданыда биылғы жылдың 6 айында ауыл шаруашылық саласында 9 миллиард 366 миллион 700 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың тиісте кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрап отыр.

Мұндай статистикалық мәліметті мамандар "Ашық әкімдік" жобасы негізінде жариялап отыр. Ағымдағы жылдың жарты ширегінде алдыңғы жылмен салыстырғанда мал шаруашылығында өсім 3,1 пайызды құраған. Ірі қара мал шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша нақты 1036  (тапсырма 850) басаналық және 46 (тапсырма 39) бас асыл тұқымды бұқа алынып, тапсырма 121,9 пайызға орындалған. «Құлан» бағдарламасы 44 пайызға (тапсырма 250 бас асыл тұқымды жылқы, нақты 110 асыл тұқымды  жылқы); «Алтын асық» бағдарламасы 153,9 пайызға (тапсырма 1600 бас  асыл тұқымды қой, нақты 2 463 асыл тұқым қой) орындалды. Ауданнан 2016 жылы 36 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар іске қосу тапсырылып, 32 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар іске қосылған. Ірі қара малдарды қолдан ұрықтандыру бағытында ағымдағы жылы жоспарланған 7 348 бас ірі қара малдың 7 369 басы қолдан ұрықтандырылып, тапсырма 100,3 пайызға орындалған. Мамандардың айтуынша ауданда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 193 682 га құрайды (егістік жер көлемі 91 146 га, оның 40 587 га жері тәлімі, 33 300 га суармалы, жайылым 101 107 га, көпжылдық қондырғылар 1 429 га, тыңайған жер көлемі 17 559 га). 2016 жылға жаңа техника алу тапсырмасы 89,1 пайызға орындалып отыр (тапсырма 55 жаңа техника, нақты 49 ауылшаруашылық техникасы алынған).

http://rgmedia.kz/

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір