• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:24:16
Алматы
+35°

 

ОҚО-да Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының қардыландыру көзі болып табылатын "Ырыс" қаржы ұйымы арқылы "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы аясында 1003 жоба қаржыландырылған.  Бұл туралы бүгін ОҚО аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде мемлекеттік «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында өңіріміздегі «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Хилола Назарметова мәлімдеді деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты. 2011-2015 жылдар аралығында аталған бағдарлама аясында қаржы ұйымы 1003 жобаны 2,1 миллиард теңгеге қаржыландырды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 1,8 миллиард теңгеге 888 жоба; егін шаруашылығы бойынша 106,5 миллион теңгеге 44 жоба; ал әр түрлі қызмет түрлері бойынша 150 миллион  теңгеге 71 жоба жүзеге асырылған. «Биыл аталған бағдарлама бойынша облысымызға 7,0 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, оның 3,8 миллиард теңгесі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы таратылды. Ол жерде кәсіпкерлерге ең жоғарғы сома 3,0 миллион теңгеге дейін берілді»,- деді Х.Назарметова. Айта кетейік, қаражатты алуға ниет білдірген азаматтар ең алдымен «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының талаптарына сай келу керек. Берілетін несиенің максималды сомасы 6,0 миллион теңге, жылдық сыйақысы 7%, 54 айға дейін беріледі. Ал несие алушыларға қойылатын талаптары ретінде, бизнесті (жобаны) іске асыратын орнының болуы, несие тарихының таза және соңғы 12 ай ішінде төлемі кешіктірілген несиесі болмауы шарт.

http://rgmedia.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір