• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:32:53
Алматы
+35°

 

 

Қазығұрт ауданында бүгінде жылыжай көлемі 90 гектарға жетіп отыр. Осы маусымда аталған жылыжайдан қазығұрттық диқандар 19875 тонна көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Мұнда әр маусымда 200-дей азамат еңбек етеді.

Таулы аймақта жылыжай салуда тұрбаттықтар озып тұр. Солардың бірі «Рахмат ата» шаруа қожалығы. Ел алғысына бөленген ұжым 20 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік 1,6 гектар жерде «Атия» қызанағы мен «Туми» қиярын егіп, бүгінде екінші кезеңнің дақылдарын жинауда.

Тұрбат ауылының халқы жылыжай шаруашылығын дамытуға бейімделген. Жиырма гектардан астам жердің әр гектарынан 100 тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алып отыр.

Айта кеткен жөн, аудан шаруалары отандық өнімді Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана қалаларына жөнелтуде.

Қазығұрт ауданының және бір тұрғыны Б.Мелдебеков «Жылыжай» бағдарламасы бойынша несиеге 12,5 млн. теңге алып, үй жанындағы жылыжайды дамытуға кіріскен.

Несие қаражатына Бегімжан көлемі 0,12 гектар болатын, қажетті құрал-жабдықтармен, жылу жүйесімен қамтылған жылыжай сатып алды. Жеткізуші компания жылыжайды «кілтке дейін» тапсырды. Кепілдеме ретінде клиент өз үйін, үй іргесіндегі шаруашылық құрылыстарды, жер учаскесі мен жылыжайды қойды.

Жобаны жүзеге асыруға оңтүстік кореялық «KOREAGREENHOUSE CO LTD» компаниясының технологиялары бойынша «Zero Max KZ» ЖШС ұсынған Қазақстанда шығарылатын құрал-жабдықтар алынды. Ол – несиелеу бағдарламасының талаптарына бағасы мен жоғары техникалық сипаттамалары жағынан да сәйкес келеді.

Жылыжай екі қабат пленкамен жабылған цинкіленген металл қаңқадан, тамшылатып суару, желдету және жылу жүйелерінен тұрады. Жалпы, жылыжайдың құрылымы шағын мөлшеріне қарамастан — жинағанда оңай, мықты және тұрақты, экстремалды жағдайға, ылғал мен коррозияға төзімді етіп жасалынған.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы жылыжайлардың 87 пайызы осы біздің облыста орналасқан. Олардың жалпы көлемі 1 мың гектардан асады.

http://adym.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір