• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:43:31
Алматы
+35°

 

Ал сайлы аймақтарда орналасқан аудандарда жасанды көлшіктер салынып, көгалдандыру арқылы заманауи саябақтарға айнадыру жүйесі де өзінің оң жемісін берген. Туристердің молынан келіп, көрікті қаланы еркін аралауы үшін айналма жолдар жасалып, көлік кептелісі көп орын алатын аудандарда жолдар кеңейтіліп, көпірлер салу жүйесі де оңтайлы  жүзеге асырылған. Мәселен, қаладағы салынуы тиіс үш деңгейлі үлкен көпір 35 күн ішінде пайдалануға беріліпті. Жұмыстың жүйелі әрі тез жүргізілуі қала халқының қызығушылығын тудырып, ескі үйлерінің жылдам сүрілуіне тұрғындардың өзі белсене атсалысқан. Осы жүйемен қаладағы 55 аудан жаңартылған. Автобустар жүйелендіріліп, алты бағытты қамтитын метро салынған. Әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған 184 жоба жүзеге асқан.

Қазіргі таңда Анкарада аумағы 210 га болатын 1027 ғимараттан тұратын әлемдегі ең үлкен соңғы үлгідегі диснейленд салынып жатыр. Бұл да өз кезегінде туристердің артуына өз септігін тигізері сөзсіз деген қала мэрінің орынбасары, Анкара жылына 10-12 млн. турист қабылдауға мүмкіндігі бар шаһар екенін алға тартты.

Осылайша, Анкара мен Шымкенттің бауырлас қалалар болғандықтан бір-бірімен тәжірибе алмасуы керек деген Р.Кабасақал Шымкент қаласының экономикалық және әлеуметтік саласының дамуына барынша көмек қолын созуға дайындығын мәлімдеді.

Жиын барысында қос қаланың қарым-қатынасын күшейте отырып, Анкараның даму жоспарын оңтүстікке де пайдалану керектігіне тоқталған облыс әкімі арнайы делегация құрамын жасақтап, тәжірибе алмасу сапарын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Шымкент қаласын дамытудағы осынау ұсыныстарды оңды қабылдаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов тиісті ұсыныстар негізінде бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

http://adym.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір