• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:06:27
Алматы
+35°

 

Мал шаруашылығының интенсификациясы бірінші кезекте өндіріс құралдарының сапалық денгейіне байланысты. Саланың ерекшеліктері соның ішінде ең бастылары биологиялық нысандар болып табылады - малдар, ал шикізат-жем - тірі табиғат қызметінің өнімі болып табылады. Сондықтан  генетикалық потенциалды жетілдіру - интенсификацияның негізі. Асыл тұқымды малдар ісін жоспарлауды нақты сандық базаға көшіруге мүмкіндік беретін математикалық модельдеу әдістеріне үлкен қызығушылық туғызуда. Бұл тек малдар өнімділігін жоғарылатуға ғана емес сонымен қатар оларды қазіргі заманғы технолгияларға аурулар және басқа да сыртқы жағымсыз факторларға тұрақтылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Озат технологияларды қолдану оларды кешенді түрде ендіру жағдайында ауыл шаруа-шылығының барлық салаларында еңбек жағдайларындағы түбегейлі өзгерулерге алып келеді. Мұндай технологиялар шын мәнінде ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін шоғыр-ландырып көрсететін жылдам және маңызды жақтарын қамтамасыз етеді. Бірақ кез-келген инновацияны кешенді ендіру орын алуы үшін оған қарама-қарсы іс-әрекеттер қажет мүм-кіндіктерін пайдалану мақсатында адамдарды оқыту. Адамдарды жаңа технологиялық жүйеге енгізу кездейсоқ болмайды, ол жаңарудың нақты жоспарларын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Сондықтан кадрлардың тәжірибелік және теориялық білімдерін олардың экономикалық мәдениетін жоғарылату бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар қажет. Соның ішінде бүгінгі күнгі шындыққа сәйкес келмейтін көп адамдардың көз қарасындағы стереотиптерін жылдам ұйғару қажет.

Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы кездерде бюджеттік жоспарлау мәселесіне көзқарасты түбегейлі өзгертіп, бюджеттің кіріс бөлігіндегі кемшіліктерді анықтап, есепті ықшамдау, салық тәртібін қатаң сақтау есебінен бюджет көлемін ұлғайтуға қол жеткізді.

Ұзақ мерзімді болашақта Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық барлық саласында оңды өзгерістер көзделген. Соның ішінде облыста:

  • барлық ауылдық аудандар мен қалалық әкімшіліктерінде жаңа кәсіпорындар ашу жолымен индустриалды-инновациялық дамуды қолға алу;
  • облыс орталығында қазіргі заманғы жаңа тұрғын үйлер мен ауылдық аудандардың әкімшілігін салуды есепке ала отырып аумақтарды дамыту;
  • барлық елді мекендерде қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген тұтыну кооперативтерін ашу;
  • суландыру жүйесіне жаңа технология енгізу арқылы ауыл шаруашылығын дамыту, тағы басқа мәселелерді шешу.

Оңтүстік Қазақстан облысында инновациялық қызметтің дамуына агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылық өндірісінің жүргізілу жағдайына маңызды әсер етеді, ол үлкен кеңістік тербелісімен түрленеді. Оңтүстік Қазақстан облысында табиғаттың әртүрлі болуына байланысты ауыл шаруашылығына бағытталған жер телімдерінің ерекшеліктеріне байланысты 4 аумаққа бөлінген, олар өсімдіктердің даму жағдайына, жануарлардың бейімделіп үйренуіне, мал бағып, өсіруге өз іздерін қалдыруда.

Дала аймақтардағы егін шаруашылығында маңызды рольді агромелирацияға агромелиоративті іс-шараларды жүргізу есебінен жатады. Сондықтан, 90 жылдары құрғақ егін шаруашылығының меңгеруінде су және жел эрозиясы таратылған аудандарды орман қорғаушыларды отырғызуды кеңінен таратуға маңызды назар аударылған. Ол әсіресе құрғақшылықтың әсерінен қуаңшылық кезеңдердін келу мүмкіндігінен қорғау үшін қажет.

«Әлсіз ағымды» инновациялық үрдіс серпінінің негізгі себебі, ел ішіндегідей Оңтүстік Қазақстан облысында да оның бағытын белсендіруге қаржылық ресурстардың жетіспеуінен болуда. Әсіресе қаржылық ресурстар фермерлік шаруашылықтарда шектелген, онда өндірістік әлеует амортизациялық тозуға ұшыраған және өндірістен шыққан техникалардың есебінен жаңартылады. Сонымен қатар өнеркәсіпте 84% жоғары қаражаттар ғылыми зерттеулердің шығындарын қаржыландыруға бағытталған және Оңтүстік Қазақстан облысында ғылымға және ғылыми зерттеулерге қаржыландыру көлемінің өсуі жалғасуда, бірақ бөлінген қаржылық ресурстардың үлкен бөлігі инфляцияға ұшырауда, осыдан ғылыми жобаларды және инновациялық өнім өңдеулерін қаржыландыру деңгейлері өз деңгейінде қалады. Ғылыми техникалық дамудың агроөндіріс кешенін облыста қаржыландыру 2,5 есе төмен, бұл өнеркәсіптік шығындардың жалпы қаржыландыру қарқынынан, ғылыми зерттеулерге және өңдеулерге қаржылық ресурстар бағытарының тиімділігі жеткілікті төменгі деңгейде қалғанын көрсетеді.

Әбдікерімова Г. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір